Мысалы, ол үшін көбінесе алғашқы кілт құрылған баған қолданылады. Кластерлік емес типтес индекстерде мәліметтермен байланыс қисын түрдес. Сондықтан, бір кесте үшін бірнеше индекстер беруге болады.SQL Server-де индекстерді екі тәсілмен құруға болады: SQL Server Enterprise Manager программасы арқылы және Transact-SQL тілінің CREATE INDEX операторы көмегімен. Кесте үшін индексті тек оның тікелей қолданушысы ғана құра алады.CREATE INDEX инструкциясында индекс атауы, бір кесте және 16 баған болу керек. Мұнда индекс атауы, бір кесте және 16 бағанға дейін беріледі. Кластерлік индекс жасау үшін CREATE INDEX инструкциясына CLUSTERED кілттік сөз қолданылады. CREATE [UNIQUE][CLUSTERED|NONCLUSTERED]INDEX имя_индекса ON имя_таблицы(имя_столбца[,имя_столбца]...) [WITH] [FILLFACTOR = x] [[,] IGNORE_DUP_KEY] [[,] {SORTED_DATA | SORTED_DATA_REORG}] [[,] {IGNORE_DUP_ROW | ALLOW_DUP_ROW}]] [ON имя_сегмента]
21 Мысал CREATE UNIQUE CLUSTERED INDEX au_id_indON authors (au_id)Индексті құрастырғанда Enterprise Manager утилитасы қолданылады. Алғашқы қадамда, кесте ерекшеленеді, содан кейін, Action| All Tasks| Manage Index командасы орындалады. Ашылған сұхбат терезесінде мәліметтер қоры мен кесте пайдаланылады. New батырмасы жаңа индексті ашу үшін терезені ашады, содан кейін индекске кіретін өрістерді ерекшелейді, сонымен қатар, келесі опцияларды орнатады:- Unique values – ендірілетін мәндердің ерекшелігі;- Ignore duplicate values – индекстелген өрістерде қайталанатын мәндерді ұйымдастырады;- Clustered index – бұл опция кластерлік индекстеуді ұйымдастыру үшін қоладанылады. Кестеде бір кластерлік индекс болу мүмкін.Кестеден индекстен басқа алғашқы кілтті құруға болады. Алғашқы кілтті құрғанда кесте дизайнерін ашу қажет, таңдалған өрісте нөлдік емес мәндер енгізуіне рұқсат бермеу керек, яғни Allow Null бағанында белгі алынуы керек, содан кейін Set Primary Key батырмасына басу қажет.
22 Диаграммаларды қолдану Диаграмма объектісі графиктік режимде мәліметтердің құрылымын өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кестені құру, кілттерді анықтау, кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыру мүмкіндіктерін туғызады. Диаграмманың ерекшелігі оның барлық объектілердің автоматты жасалынуы. Action менюінің New Database Diagram командасы диаграммаларды өңдеу мастерін іске қосуына алып келеді.Саймандар панелінің батырмаларының көмегімен кестенің сыртқа бейнесі мен орналасуын басқаруға болады. Кілттердің көмегімен диаграмма терезесінде кестелер арасындағы байланысты орнатуға болады. Мұндай өріс кестенің сыртқы кілті деп аталады. Содан кейін экранда сұхбат терезесі шығады. Бұл терезеде байланыс атауы және сипаттамасы сұратылады:- Relationship name – байланыс атауы;- Primary key table – кестенің алғашқы кілті;- Foreign key table – кестенің сыртқы кілті;- Check Existing data on creation – берілген байланысқа кесте мәндерін тексереді;- Enabled relationship for INSERT and UPDATE – жасалынған байланыс кестеде ақпаратты қосу және өзгерту амалдары қарастырылады.Жасалынған диаграмманы құрастырып болғанда, жүйе атауын мен мүмкіндіктерін сұратады.
23