1.Модульдеу технологиясы бойынша жазылатын
диктант қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модульдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модульдеу диктанты әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады.
Модульдеу диктантының ұтымдылығы:
дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы,
естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілеті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады;
өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға
беруші,салыстырушы дәрежесінде көрінеді;
өздерін-өздері,бір-бірін оқытушы, өз тілдерін,
білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады;
бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды,
коррекция жасауға тиімді болып келеді;
алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім
жасауға бағыттайды;
қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру,
оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
2. «Өзің тап» диктанты - пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттың бір түрі. Әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады, балалардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады.Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді.Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып,орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
«Өзің тап» диктантының тиімділігі:
жетілдіреді;
сөздік қорының баюына ықпал етті;
пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін
толықтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |