Сабақ жоспары. Тексерілді


Ресурстар Сабақтың басы



бет10/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Ресурстар

Сабақтың басы
«Мозаика»
белсенді әдісі
5 минут

Презентация
5 минут
Зерттеу жұмысы
Тапсырма
15 минут


Дескриптор

Таныстырылым жасау
Бейнебаян
10 минут


Өзара бағалау

Кері байланыс
5 минут
«сұхбат» әдісі


Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма



Оқушылармен амандасу, шаттық шеңберін құру, тілек айту.Түске бөлу арқылы топқа бөлу, Ақ, Жасыл, Қызыл.
Әркімге керек қолөнер.Он саусаққа, он өнер.
Түгел болар дүниең.Біліп алсаң оны егер.
Өткенді пысықтау. «Кір жаю» әдісі
Топтық жұмыс.
«Ақ» тобы Кілемнің қандай түрлерін білесіңдер?
«Жасыл» Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтарды ата? «Қызыл» Тықыр кілем тоқудың технологиясы?
3.Ой қозғау.Слайд көрсету. Сұрақтарға жауап береу. – Суретерде не бейнеленген? Қалайойлайсың?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Топқа біріктірген соң оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

  1. Суреттен не байқадыңыздар?

  2. Бұл заттар не үшін қажет деп ойлайсыздар?

  3. Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Оқушылардан жауаптар ала отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Тақырып анықталған соң оқушыларға сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады.




Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем - сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады.
Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған.
Гобелен –суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр.
Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:
• Қ.Тыныбеков,
• Б.Зәуірбекова,
• И.Ярема,
• Ә.Бапанов, С.Бапанова,
• Қ.Жұбаниязова,
• А.Ихонова,
• Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет