Сабақ жоспары. Тексерілді



бет22/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Тоқпақ және қайшы.

Тоқпақ – кілем тоқу кезінде тоқылған жіптердің ара қашықтығын тығыз етіп ұруға арналған құрал



Қайшы – кілем тоқу кезінде тоқылған жіптердің қалддықтарын, түйіршіктерін қырқып, тегістеп отыруға арналған құрал.




Тапсырма:


Сурет бойынша кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды анықтаңыздар, қондырғының яғни белағаштың (станок) түрлерін зерттеңіздер.
Дескриптор:

  • Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтарды анықтай алады;

  • Қондырғының (станок) түрлерін біледі;

  • Қажетті шикізаттарды біледі;

  • Флипчартқа сызба ретінде зерттеу жұмысын орындай алады;

  • Таныстырылым жасай алады.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын бастайды. Топта өзара роль бөлісіп алады, мысалы мәлімет іздейтін адам, флипчартқа сызба, суретті салатын адам, спикер яғни таныстырылым жасайтын адам. Роль бөлісу оқушылардың жұмыстарын жеңілдететінін, нәтижелі жұмыс шығатынын мұғалім айтып өтеді. Мәлімет іздеген адам топ ішінде міндетті түрде ақпарат бөлісуі қажет.
Зерттеуді аяқтаған топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылым жасайды.

Таныстырылым жасап болған соң мұғалім кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтар туралы слайдтарды және бейнебаян көрсетеді. Мұндағы мақсат оқушылар тапсырманы толық орындағандығын, зерттеуді толық жасағандығын анықтау, оқушылар бір-бірлерін шынайы, әділ бағалау болып табылады.


Тыңдап отырған оқушыларға өзара бағалау жүргізу үшін бағалау парақшасы беріледі.
Оқушылар дескриптор бойынша өзара бағалау жүргізеді.



Дескриптор

+/-

Топ атауы _____________________




Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтарды анықтай алады




Қондырғының (станок) түрлерін біледі




Қажетті шикізаттарды біледі




Флипчартқа сызба ретінде зерттеу жұмысын орындай алады




Сауатты таныстырылым жасай алады




Оқушылар таныстырылым жасап, бағалау жүргізіп болған соң сұхбат арқылы кері байланыс алынады. Бір оқушының қолына микрофон ретінде маркер беріледі. Бүгінгі тақырып бойынша бір-бірлеріне сұхбат жүргізу арқылы кері байланыс алынады.


Мұғалім бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан, қажетті ақпаратты толық жинақтап, сыныптастарымен бөліскен топ оқушыларын атап өтіп, қолдау көрсетуді ұсынады.


Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.

Слайд 1,2,3



3-7 слайдтар
Бейнебаян


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет