Оқушыларды «қаламсап» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру.
Тоқыма өнеріндегі кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлері түрлі-түсті қағазға жазылып жеребе таратылады. Әр топ оқушылары берілген тоқыма өнері туралы мәліметтер жинақтайды.
Тапсырма: Әр топқа тиісті кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлерінің тарихын, тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттеңіздер. Қазақстандық және әлемдік тоқыма өнерінен мысалдар келтіріңіздер.
Дескриптор:
кілем, гобелен, алаша өнерінің тарихын біледі;
кілем, гобелен, алаша өнерінің түрлерін анықтайды;
тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттейді;
қазіргі кілемдер түрлерін анықтайды.
мәліметті сызба, сурет ретінде флипчартқа түсіреді;
зерттеу жұмысына таныстырылым жасайды.
Оқушылар жоғарыда аталған тоқыма өнері туралы туралы мәліметтер жинақтап флипчартқа сызба, сурет ретінде түсіреді, бояуда орындайды, креативті таныстырылым жасауға дайындалады.
Зерттеулерін біткен топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылымға шығады. Дескрипторге сәйкес әр топ тоқыма өнерінің үш түрі бойынша таныстырылым жасайды.
Таныстырылым аяқталған соң өзге топ оқушылары басбармақ әдісінде өзара бағалау жүргізіп, әр топтан бір оқушы ауызша кері байланыс береді.
Оқушылардан бүгінгі сабаққа байланысты кері байланыс алынады. Ол үшін «білемін», «білмеймін», «білгім келеді» деген үш бағаннан тұратын «Ой толғау» кері байланыс парақшасы беріледі. Оқушылар өз ойларын осы кестеге жазады.
Сабақты қорыта келе мұғалім сабақта белсенді түрде жұмыс жасаған оқушыларды айтып шығады және қолдау көрсетеді.
Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.
Киіз басу және ши тоқу өнері туралы оқушыларымен әңгімелесу. Өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
-Балалар, киізден дайындалған бұйымдарды атаңызшы.
- Жарайсыңдар, ал киізді қалай жасаған екен?
- Бұл өнер қашан және қалай туындаған?
-Шиді тоқу өнері туралы айтып беріңізші.
Сонымен, балалар, қорытынды жасайық, мұндай бұйымдарды орындау үшін келесі сабақта қандай материалдарды біз алып келуіміз керек????
- Дұрыс, киіз басу яғни дайындау үшін, жүн, орауға арналған тор, кір сабын алып келуіміз керек және су керек.
- Ши тоқу үшін: ши дала қамысы, тас, жүннен жасалған жіптер және ағаштан жасалған станок (сырық) қажет.
- Ши ораудың екі түрі бар.
Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;
Екіншісі — жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.
Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектел шуда жіппен тізіп отыру керек.
- Және сурет қажет…
- Киіз басу технологиясын еске салайық.
Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.
- Жүнді басу үшін, сабынды ыссы сумен ерітіп жүнге жағады. Жүнді қолмен қаңып, пішін бойынша орналастырады. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.
- Киіз шамамен бір тәулік ішінде кебеді.
- Фильцевание технологиясы туралы естідіндерме? ( арнайы ине арқылы ойыншықтар жасалады).
- Дұрыс, енді осы бұйымдарды орындауға кірісейік.
- Алдымен нобай дайындаймыз
- Келесі слайдтарға қараныз. Бәрі де киізден жасалған!
- Дизайнерлерді киіз өте қатты қызықтырады…
Достарыңызбен бөлісу: |