Сабақ жоспары. Тексерілді



бет14/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Тілдік мақсаттар

Оқытудағы тілді дамыту мақсаттары
Оқушылар:
Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жеттілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
Қолөнер туындылары, сәндік қолданбалы өнер, кілем тоқу өнері, түкті кілем, тықыр кілем, ою-өрнек, станоктар, тоқпақ, шаршы, жіптер...
• Сіздің ойыңызша кілем тоқу қандай қажеттіліктерден пайда болды…?
• Сізкілемнің түрлерін орындалу техникасына қарай топтастыра аласыз ба?
• Қай техника сізге не үшін ұнады?
• Кілем тоқу өнері сізді несімен қызықтырды?
• Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?

Осыған дейін меңгерілген білім

Еске түсіру, қайталау.
Оқушылар өткен сабақта «Қазақ кілемдері, алаша,кілем тоқу, гобелен, қазіргі кілемдер үлгісі» тақырыбымен танысты және қолөнердегі олардың әдістерімен, жіктелуімен, қандай мақсаттарға жасалғаны туралы білімдерін қалыптастырды.

Құндылықтарды дарыту

• Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
• Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.
• Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
• Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Зерттеу барысында теориялық білімдерін әдебиет, геометрия, тарих,биология пәндерін өнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .Оқушылар жеке ізденіс жұмыстарын орындау барысында алынған негізгі АКТ дағдыларын жетілдіреді, бұл: презентация, жобаларды жасау және зерттеулерді жүргізу үшін іздеу жұмысындағы интернет ресурстар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет