Сабақ жоспары. Тексерілді


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет31/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
1 кезең

Сабақтың ортасы

2-сабақ


Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгелдеу;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгелдеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
Өткен материалды қайталау
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Ой шақыру.
Мұғалім оқушыларға кілем тоқу өнерінің кезеңдері туралы бейнероликті көріп шығу ұсынады.

https://www.youtube.com/watch?v=djz4iAUxkl0



Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бейнеролик не туралы?

  • Кілем тоқылу үшін қандай кезеңдер орындалу керек екен?

  • Егер сіз кілем тоқитын болсаңыз нені бейнелер едіңіз?

Оқушылардың жеке жауаптары...
Мұғалім оқушылармен кілемдегі бейнелерді талқылай отырып, біріге содан сабаққа мақсатты анықтауды ұсынады.

Жаңа сабақтың түсіндірілуі
Жалпы кілем туралы жан-жақты мағлұмат беру. «Үй жасауы –кілем» деген халқымыз. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген, асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Кілем бетіндегі әр түрлі сәнді өрнектерге қарап отырсақ, тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, есік қорғандар осының бәрі кілем бетінде бейнелеген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенмен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Оқушыларға кілемдердегі бейнеленген суреттер көрсетіледі.


Мына суреттерден ертеректегі және қазіргі таңдағы кілемдердегі бейнеленген суреттерді көріп отырсыңдар.
Ондағы ерекшеліктерді атап кететін болсақ:

  • Ертеректегі кілемдерде негізінен нелер бейнеленген?

  • Қазіргі кілемдерде ше?

  • Олардың ерекшеліктері неде?

  • Неге?

Анықта...
Мұғалім оқушыларға кілемнің түрлері мен ондағы бейнеленген суреттерді таратып көрсетеді. ( әртүрлі материалдармен...)
Мысалы:әртүрлі мәдениеттегі кілемдерде бейнеленген суреттер (қазақ кілемдері, түрікмен кілемдерінде, әзірбайжан халықтарында, түрік халықтарының кілемдері т.с.с)

Оқушылар кілемдердегі бейнелерді талдай отырып олардың қай мәдениетке тән екенін және себептерін, ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Мұғалім тақырыпты толық түсіндіру үшін кең көлемде көрнекіліктер жинайды.Презентациялар, роликтер, фотосуреттерді жинақтап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет