«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады?
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ?
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді?
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ?
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды?
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?
Ф. «Бір ғана тілек»
Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді, тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.
Ж.
«ПОПС» формуласы
Оқушылар өлең мазмұны бойынша өздерінің ойын жазады.
Менің ойымша....
Мен оны былай дәлелдеймін...
Мынандай мысал келтіремін...
Мынандай қорытындыға келдім....
«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
|
Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі
|
Күні: 21 .11.2019 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы
|
Сынып: 9
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
8.«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінің тілі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
|
Сабақтың мақсаттары
|
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
|
Бағалау критерийлері
|
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ренессанс, рубаи
|
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Менің пікірімше, былай дәлелдеймін, пікірімді айғақтайтын мысалдар, қорыта келе
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Туған өлкенің табиғатын құрметтеуге баулу
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнежазба
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
1.Ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1-топ. «Алғырлар» тобы
2-топ. «Тапқырлар» тобы
Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру
|
А4 форматы
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.
Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.
Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады.
Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
|
Достарыңызбен бөлісу: |