Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет18/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

1-тапсырма
ЖЖ.
«Жүйелеу» тәсілі
Оқушылар шығарма үзінділерін іріктеп, үзінділерді өз ойларымен дәлелді қорытындылап жеткізеді.
Махамбет ақын кім еді?
Көкейкесті арман
Ата жауына айтқаны


Шығармашылық тапсырма.
Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты өлеңі астарына үңіле отырып, мұндағы «МЕНнің» мағынасын ашу
«Мен»-інің мәні өзгеше, «Мен» - ақынның бүкіл болмысы, күрескерлік әлемі\батыр жүрегі, еліне деген шексіз махаббаты, елдің тәуелсіздігі жолындағы күресі, дұшпанына деген ашу-ызасы, бітіспес кегі көрінетінін
.
МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.
МЕН – елімді Еділдің бойы ен тоғайға ел қондырсам деген асыл арман иесі.
МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.
МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.
МЕН –ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.


ТЖ
2-тапсырма

Оқушылар өлең мазмұнымен танысқаннан кейін топқа бөлініп, КӘМТ (SWOT) - талдау жасайды. Оқушылар «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» бойынша өлеңге талдау жасайды.


Оқушылар бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті» зерттеуге уақыт беріледі.
О қушылар өлеңді зерттей отырып, ақынның өзін бағалай алатын сыншылдық; дұшпанына мейірімсіздік; өз мақсатын жасырмайтын шыншылдық; «Тілекті құдай бермегеніне» өкініш; басқалардың өзіне деген көзқарасын бағалай білушілік; «Хан баласы ақсүйекке» деген бітіспес өшпенділік пен кекшілдік; айтқанынан қайтпайтын қайсарлық пен өжеттік т.б. қасиеттерін таба отырып талдап, әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды. Осы ерекшеліктердің адам бойында болуының ұнамды/ұнамсыз жақтарын ақын өмірімен байланыстыра отырып, өз ойларын білдіреді
Дескриптор:
-«күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» бойынша өлеңге талдау жасайды.
-ақынның қасиеттерін талдайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет