Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім


Ж/Т. 1-қадам. «Тест- сұхбат» әдісі



бет31/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Ж/Т. 1-қадам. «Тест- сұхбат» әдісі
1. Шығарманың философиялық тереңдігі неде?
2. Махамбет өлеңдеріндегі ең маңызды үш фактіні атаңыз, себебін түсіндіріңіз.
3. Сіздің ойыңызша, қай факт маңызды емес? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
4. Ақын көкейкесті арманына көзқарасыңыз.
2-қадам. «Үш қадамды сұхбат» әдісі
Әр топ ақын шығармашылығы бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасып талқылайды.
Анықтау. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан анықтау.
Салыстыру. Шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстыру.
Бағалау.
Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.
Оқушылар әдеби эссеге қойылатын талаптарды еске түсіреді.
Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазады.

Махамбет өлеңдерінде қолданылған құбылту мен айшықтаудың көркемдік қуаты жайлы өз көзқарасыңызды сипаттап, ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.


Махамбет өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесін сомдаудағы тіл шеберлігін сипаттап, ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.


Махамбет жырларындағы заман келбетін сипаттап, ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.




Дескриптор:
- шығарманың идеясын талдап, әдеби эссе жазады
Топтық бағалау.
Ф. «Бір ғана тілек»
Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді, тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, 9-сынып
«Арман-ПВ» баспасы 2019ж
http://bilim-all.kz/olen/1592-Men---men-edim-men-edim-

http://bilim-all.kz/olen/1608





Сабақтың соңы
5 минут



Кері байланыс


Жырда ұрпақтар сабақтастығы қалай байқалды?
Тапсырманы орындауда сіз неден қиналдыңыз?
Сізге нені қайталау керек?






Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын. .«Автор орындығы» арқылы оқушы көшбасшылығын дамытуға болады

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.
Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады
Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



«Қазақ әдебиеті» пәні. Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Мектебі: М.Маметова атындығы шағын жинақты негізгі орта мектебі

Күні: 13.12.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Аян Бекболатқызы

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

19. Шоқан Уалиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі» зерттеу еңбегі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет