Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім


Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



бет33/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың
басы

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады


Кластер әдісі
Сынып шағын топтарда жұмыс істейді. «Күнделік дегеніміз не?» сұрағын талқылайды және тақырыптық таныстырылым дайындайды.
Күнделік дегеніміз не? Оның мақсаты қандай?
Күнделік не үшін керек? Оның қандай түрлерін білесіз?
Қалай ойлайсыз, күнделік жазудың қандай артықшылығы мен пайдасы бар?
Сіз қандай тұлғалардың күнделігі туралы естідіңіз/оқыдыңыз/таныссыз? т.б.

Кластер


Сабақтың
ортасы



Мағынаны тану
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ.
Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау облысы) бауырында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы – Уәлихан. Арғы атасы – Абылай.
Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды», - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен.
Костылецкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл – оның алғашқы ғылыми жұмысы. «14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді», – дейді Потанин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет