Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С. Жиын Мектеп



бет3/4
Дата01.02.2024
өлшемі54.15 Kb.
#490451
түріСабақ
1   2   3   4
ҚМЖ тақырыбы Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу.

3- сурет

Топтық жұмыс.
А деңгейі
Жиындардың аттарын атаңдар:
а) нәрселерді санауда қолданылатын сандар жиыны;
ә) жазықтықтағы О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелер жиыны;
б) бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигуралар жиыны;
в) градустық өлшемі 900-тан кіші бұрыштар жиыны.


В деңгейі
3, 4 және 5 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, үш таңбалы сандардың А жиынын жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.
С деңгейі
А= жиынынан
а) 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандардың К жиынын элементтерімен жазыңдар;
ә) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандардың Е жиынын элементтерімен жазыңдар;
б) 6-ғе қалдықсыз бөлінетін сандардың Р жиынын элементтерімен жазыңдар;
в) 2-ге де, 3-ке де, 6-ға да қалдықсыз бөлінетін сандардың М жиынын элементтерімен жазыңдар.


Дескриптор: Білім алушы
-жиындарды ажырата алады
-Эйлер – Венн дөңгелектері арқылы кескіндейді

Жұптық жұмыс.
А деңгейі
Берілген жиынға тиісті , тиісті емес белгілерін пайдаланып жазыңдар:
18; 97; ; 60; ; 0,4; 100 сандарының қайсысы N жиынына тиісті, қайсысы тиісті емес?


В деңгейі
А= ; В= ; С= және D= жиындарының қайсысы
F= жиынының ішкі жиыны? Белгіленуін пайдаланып жазыңыз


С деңгейі
Жиындар қалай аталады:

  1. 1-ге және сол санның өзіне тең әр түрлі екі ғана бөлгіші бар натурал сандар жиыны;

  2. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жиыны;

  3. алымы 1-ге тең бөлшектер жиыны;

  4. бірліктерден де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сандар жиыны?



Дескриптор: Білім алушы:
-сандардың берілген жиынға тиісті, тиісті емес екенін анықтайды
-жиынның ішкі жиынын көрсетеді
-жиындарды ажырата алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет