Сабаќ жоспары



бет49/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Күні, айы, жылы:

  • Тоқсан: ІІІ

  • Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: оқушылардың жай сөйлемнің түрлері туралы лингвиситкалық білімдерін кеңейту, жалаң және жайылма сөйлемдерді бекіту, жазба жұмыстары арқылы бекіту.

    2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, синтаксистік талдау дағдыларын арттыру.

    Сабақтың типі: аралас сабақ
    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
    Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
    мақсаты туралы хабарлау
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
    1. Жақсыз сөйлем туралы түсінік.
    2. 75,76-жаттығулар.


    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
    1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
    1. Өтірік суындыра береді.
    2. Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді.
    3. Өзінің анасын, ана тілін, халқын ардақтаған, сүйген азамат қана басқа аналарды, тілдерді, халықтарды ардақтай, сүйе алады.
    2. Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы мәлімет беру.
    Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.
    Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды. Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр. Жер су. –Жаңбыр ашылды ма? (Ж.Айм.)
    Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
    Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. Ойын қызық. Үй жылы. Қарағың келеді. Айтуға бола ма? (Ж.Айм.)
    Жайылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады. Едіге ұзақ жол жүрді. Алыстан мұнар тау көрінеді. (Ж.Айм.) Алғашқы сөйлемді ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналдырса, соңғы сөйлемді анықтауыш (мұнар) пен мекен пысықтауыш (алыстан) қатысып, жайылма сөйлемге айналдырып тұр.
    Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
    Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет