Сабаќ жоспары


II.Үй тапсырмасын тексеру



бет56/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

II.Үй тапсырмасын тексеру:


1. Атаулы сөйлем туралы түсінік.
2. 86-жаттығу.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Ушаков ығыспайтынын ашық көрсетпек еді, онысы бүркеліп қалыпты. Қаупі барын бүркей жазбақ еді, онысы ашылып қалыпты.
2. Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді. Ушаков ішінен өзіне-өзі ызалана, күйіне отырып, Рязановты келісімге шақыратын жауап жазды. (Ғ.Мүсірепов)
3. Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры толқи жарқыраған күн түске тартып қалған екен.
4. Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.
5.Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп тұр. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.
6. Қарт әкенің қайғысын естіп, асыл перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден жас парлады.
2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Бірінші мысалда әрқайсысы екі-екі жай сөйлемнен құралған екі құрмалас сөйлем бар. Ондағы жай сөйлемдердің қай-қайсылары болса да, өз дербестіктерін жоймаған, әрқайсысының өзіне тән тиянақты баяндауыштары бар, бір-біріне бағынбай, өз ара теңдік дәрежеде құрмаласқан.
Екінші мысалда құрмаластардың компоненттерінде алдыңғысындағыдай теңдік қатынас жоқ. Олардың Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де,
және Ушаков ішінен өзіне-өзі ызалана, күйіне отырып, деген компоненттерінде тұлғалық дербестік жоқ. Олар өздерінен кейінгі Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді, Рязановты келісімге шақыратын жауап жазды. деген тиянақты сөйлемдерге жетектеліп, соларға тәуелді, бағынышты болып тұр. Ал енді, Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры толқи жарқыраған күн түске тартып қалған екен. деген құрмалас сөйлемде құрмаласудың жоғарыда келтірілген екі түрінің екеуі де бар. Мұндағы Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса деген бірінші жай сөйлем өзінен кейінгі жай сөйлемге бағына байланысқан да, аспан айнадай ашық екен деген екінші жай сөйлем соңғы, үшінші, жай сөйлемге тәуелді болмай, теңдік дәрежеде құрмаласқан. Әрине, бұл-құрмаласудың жаңа үшінші бір түрі емес, алдыңғы екі түрдің бір сөйлем ішінде келуі ғана..
Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласуындағы осы айтылғандай ерекшеліктеріне сәйкес, әдетте құрмалас сөйлем күрделі үш топқа бөлініп қарастырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет