Сабаќ жоспары



бет64/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

IV. Үйге тапсырма беру:
1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
2. 100-жаттығу
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 8
3.Күні, айы, жылы: 30.01.2012
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім:Омарбекова М
Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту, себеп-салдар салалас сөйлем туралы түсініктерін, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
2. 100-жаттығу
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.

  1. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды (С.М.)

  2. Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді. (З.Ш.)

  3. Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. (С.М.)

4. Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады, сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды. (С.М.) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды. (С.М.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет