Сабаќ жоспары



бет6/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV . Үй тапсырмасын беру.
5-жаттығу
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әдеби тілі
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың әдеби тілі туралы түсінік беру, берілген мәтін мазмұнымен таныстыру.

  2. Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу, ел тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікір айтуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
І Қазақтың әдеби тілі жасалуы жағынан да, қалыптасуы жағынан да тарихи көп кезеңдерді басынан өткізді. Қазақ әдеби тілі-бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері бұрыннан ат салысып келеді. Өйткені әдеби тіл-күллі қазақты біріктіруші, ұйымдастырушы, іске,еңбекке, ерлікке жұмылдырушы әрі ілгері бастаушы ең өткір, ең жанды құралдың бірі саналады. Олай дейтін себебіміз-әдеби тіл қазақ мәдениетінің өсіп-жетілуіне, өркендеуіне жетекші болып келеді.
Әдеби тіл дегеніміз көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол- ғылымның барлық саласын қамтитын, халыққа өнер-білім беретін, тәлім-тәрбие үйрететін баспа-сөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі-сол кең мағынадағы әдеби тілдің бір саласы ғана. Ал әдеби тілдің негізі болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенінде дау жоқ. Халық тілі дегеніміз – диалектілерден (жергілікті ру-тайпа одақтарының тілдерінен) құрылған, бірақ әдеби тіл сатысына жетпеген тіл.
Біз қазақтың әдеби тілінің негізін Ыбырай, Абай салды дегенде, әрине, олар өз қолдарымен, өз бастарынан шығарып, әдеби тілді халық тілінен мүлде бөлек бір нәрсе етіп жасады деп қарамаймыз. Біздің әдеби тіл деп отырғанымыз – халық тілінің жаңа сатыға, жаңа сапаға көшуі. Солай болса, Абай мен Ыбырай халық тілін пайдалана отырып, қазақ тілін жаңа сапаға, жаңа сатыға жеткізуге әрекет істеді деп қараймыз…


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет