ІV .Жаңа сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс 3-жаттығу
1. Төмендегі берілген мәтіндерден грамматикалық нормадан ауытқыған қосымшаларды табыңдар. Қайсысы белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалған жөнімен ауытқу, қайсысы қазіргі тіл үшін норма емес екенін аджыратып көріңдер.
2. Өз орнында тұрмаған сөздерді тауып, қайсысы мақсатты жұмсалып тұрғанын, қайсысы әдеби тіл нормасына жатпайтынын түсіндіріңдер.
Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар – намысым қашырман! Бұлтқа жетпей шарт сынбан! Айта келген сөзім бар, Не қылсаң да жасырман! (Махамбет) Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. (Ы. Алтынсарин) V . Үй тапсырмасын беру.
Сабақ жоспары 1. Пән аты: Қазақ тілі. 2. Сыныбы: 8 3. Күні, айы, жылы: 4. Тоқсан: І 5. Мұғалім: Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерге тілдік талдау Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, әдеби тілдің грамматикалық нормаларынан алған білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.