Сабаќ жоспары


Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы



бет9/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Пән аты: Қазақ тілі.

  • Сыныбы: 8

  • Күні, айы, жылы:

  • Тоқсан: І

    Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік
    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларға ойды білдіретін ең кіші тілдік бөлшек- сөйлем туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

    2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

    3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, сөйлем талдау дағдыларын дамыту.

    Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
    Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
    мақсаты туралы хабарлау
    ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
    Сөйлем дегеніміз – сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет.
    -Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді. Оқуларың бүгін басталды ма?
    -Бүгін төрт сағат оқыдық. (С.М.)
    Мұнда екі адам сөйлесіп, қарым-қатынасқа түскен, пікір алысқан. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдірген үш сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде – Кенжетайдың айтқаны туралы ой, екіншісінде – оқуларының басталған – басталмағанын білуді мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген. Сөйлем өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан, ең алдымен, коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болу), яғни бірдеме жайында хабарлау қызметі жағынан ажыратылады. Мысалы, сүт пісірілді деген мен сүт пісіру деген мысалдарды салыстырудан мынаны аңғаруға болады: біріншісінде (сүт пісірілді) бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі бар, ол бірдеме жайында хабар беру үшін құрастырылған. Ал, екінші мысалдағы синтаксистік құрылым бірдемені атау үшін құрастырылған. Сондықтан біріншісі-сөйлем, екіншісі-сөз тіркесі. Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болады: сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсін, сөйлем құрамында жұмсалады.
    Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін, мысал, сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау (Кеш жарық! Кешіріңіз! Жаңа жылыңызбен!), мақұлдау мен теріске шығару (иә, солай, жарар), әр түрлі эмоцияны білдіру (Бәрекелді! Ойпырмай!), жалпы сұрақты білдіру және оған жауап айту (Бұл қалай? Ештеңе емес, т.б.) сияқты айтылыстар бар. Бірақ бұлар өздігінен мәлімет бере алмайды, сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес.
    Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
    Сөйлемге тән белгілердің бірі-интонация. Сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Жеке сөздер немесе сөз тіркестері кейде сөйлем түрінде жұмсалады. Олардың сөйлем түрінде жұмсалуы үшін, міндетті түрде сөйлемге тән интонациямен айтылуы шарт. Сонда ғана олар сөйлем ретінде ұғынылады.
    Сөйлемді жеке сөз, сөз тіркестері, сондай-ақ сөйлемдер құрайды. Осыған байланысты оның құрылымы да әр түрлі болып отырады. Бастауыш-баяндауыштық құрылымның санына қарай сөйлем жай және құрмалас болып ажыратылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет