Сабаќ жоспары



бет90/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Қазақ пен қалмақтың күйі
Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді сөзге тоқтаған қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз болмаса керек.
Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп мұздай құрсанып келіп үлкен бір қантөгіс шайқас басталғандай екен. Сонда елдің қамын ойлап белі бүгілген бір қарт тұрып: «Уа, ағайын! Арадағы түйін-түйткілді қан төкпей шешейік!» - деп сөз бастайды.
Сол кезде сіресіп келген екі ел әскерінің ішінде бірінен-бірі асқан дәулескер екі күйші бар еді дейді. Сол екі күйшіні күй сайысына түсіріп қай жағы жеңсе, сол жағының талабын орындауға уәде етіседі.
Сонда қамалдай қаумалаған қалың әскердің ортасына ақ киіз жайылып, үстіне қос күйші шығарылады. Алғашқы кезекті қазақ күйшісі алып тартқан екен. Екінші кезек қалмақ күйшісіне тиеді.
Күй біткенде екі жақтың түнеріп тұрған әскері соғыспақ ниеттерін ұмытып кетіп еді дейді.
Күй аңызы осылай айтылады да, әрі қарай: «Қазақ пен қалмақтың күйі еді», - деп жұп күй тартылады..
(А.Сейдімбек.)


V. Үйге тапсырма беру:
1. 135,137-жаттығу
2. Себеп бағыныңқы сабақтас
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VIІ. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 8
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет