2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтасдейміз.
Себеп бағыныңқы сабақтас Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? деген сұрауларға жауап береді.
Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
а) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.
ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.
б) көсемшенің –й жұқрнағы біткен болымсыз түрінен жасалады.
в) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс 134-жаттығу (ауызша)
Төмендегі себеп бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы сыңарларының баяндауыштарын тауып, қалай жасалғанын анықтаңдар.
Ол қапелімде қайда жатқанын есіне түсіре алмай, маңдайын сипай түсті. (Х.Есен.) Үйі қалада болғандықтан, ол демалыс күні көп ешқайда шыға қоймайтын, сондықтан старосталыққа ұсынылған еді. (С.Б.) Ол жауап қатпаған соң, Таусоғарды да күдікті ойлар тағы тори бастады. (Ә.Ә.) Бұл мәжіліс еңбек айынан басталғандықтан, Абай кейін өзінше түйін түйді. (М.Ә.) Бұл жауапты Қаратай тағы бір от шығып кетпесін деп, майдалап жеткізбек болды. (М.Ә.)
136-жаттығу (жазбаша)
Себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жазыңдар.
Ой –ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алатындықтан, ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады. (Ә.Нұрш.) Өтірік айтудан сақтанғандықтан, өтірікші-имансыз болған жоқ. Тіпті пайдасын көре тұрып, өтіріктен сақтанбаған соң, түбінде өтірікшінің күні қараң болады. («Мың бір хадистен») Әділеттілік – Алланың жердегі терезесі болғандықтан, әділетті адамды сол терезе бейішке бастап апарады. («Құраннан») Білім алу жолындағы табандылықтан артық іс болмаған соң, ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. (Ә.Нұр.)
Көсеу ұзын болса, қол күймес. (Мақ.) (шартты б.с.) 2. -Жұрт сені қандай жақсы көрсе, оны да сондай көреді. (Ә.Ә) (шартты б.с.) 3. Енді айналып қарағанда, төрдегі Байтен баласының тобын көрді. (Мезгіл б. с.) 4. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді. (Ғ.Мұст.) (мезгіл б.с.) 5. Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр. 6.Ел ішіндегі, ауыл арасындағы жай осы болса, облыстық қаланың ояз бен болыс кеңселерінде біреуді біреу қаралап көрсеткен арыздар айлар бойы тола берген-ді. 7. –Қара болсам, өзге қараласын. Нақ сендер қараласаңдар, көріп алармын, құдай ақ та! Мен не болсам, сен де солсың (М.Ә.) (шартты б.с.) 8. Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер, әке-шеше жүзі жайнап нұр себер. (Ж.Баласағұн) (шартты б.с.) Зейнетке шыққанмен, Құрымбай үйде тегін отырмайды. (З.Ш.) (қарсылықты б.с.) Ғылым оқып білгенше, Тыным-тыныштық таппаған. (Абай) (қарсылықты б.с.)
139-жаттығу
1. Күй аңызын оқып шығыңдар.
2. Тыныс белгісі қойылмаған құрмаластың тыныс белгісін қойыңдар.
3. Қарамен терілген сөздердің мағынасын ашыңдар.