Берілген бейнежазбаны мұқият қараңыз
https://youtu.be/UdlZqiAeZF4
ЖАЗЫЛЫМ 1-тапсырма. Сөздерді пайдаланып, мәтіндегі негізгі ақпаратты қолданып, мәтін құраңыз. Қара сөздер, ойшыл, әжесі, ақын, тілдері, орыс ақындары Дескриптор.Білім алушы: берілген сөздерден мәтін құрайды;
мәтін жүйелі болуы шарт
Өзіңді тексер! Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Әжесі жас ақынға ертегі, әңгімелер айтып беретін. Абай кішкентай кезінен зеректігімен көзге түсетін. Орыс ақын-жазушылары А.С.Пушкин ,Толстой, Тургенев, Лермонтовтің шығармаларын сүйсіне оқыған. Пушкин, Лермонтов сияқты орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.Абай- ойшыл ақын. Ұлы ақынның 45 қара сөзі бар.
Сұрақтарға жауап берген кезде қосымшалардың дұрыс қолданылуын қадағалау
ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ 2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Мұғаліміміз Күлшара Қасымовна Абайдың «Қыс» деп аталатын өлеңін үйден жаттап келуге тапсырма берді.
Есілдің жағасындағы кішкене қазақ ауылы қарлы боранның астында қалған. Сол жылы қыс сұмдық қатал болды. Біз бұрынғы дәрігерлік пунктің бір бөлмесін паналап отырғанбыз. Терезені жел ұрғылайды. Кішкене қаңылтыр пештің іші гу-гу етеді. Жетілік шамның сығырайған жарығының астына алба-жұлба оқулығымды қойып, , күбірлеп Абайдың өлеңін оқып мен жатырмын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мен Абайдың өлеңін оқысам, анам кішкентай қарындасыма әлдилеп немісше өлең айтады. Шешемнің айтып отырғаны- кейін білдім, Гетенің «Даланың раушан гүлі» атты өлеңі екен. Сөйтіп, менің санама Гете мен Абай бейнелері қатар еніпті.
Герольд Бельгер
1.Мәтінге тақырып қойыңыз
2. Мәтін Абайдың қай өлеңі жайлы?
3. Автор неліктен Абай өлеңін жаттап отыр?
4.Анасы қандай ән айтатын?
5. Оқиға орны қай жер?