Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б
2. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
3. Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. – 223 б.
4. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы, «Өлке», 2005.
Практикалық сабақ 7. Мемлекет және азаматтық қоғам – 1 сағат
1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
3. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттің пайда болуы мен мәніне тоқталу. Мемлекеттің белгілерін атап көрсету. Азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін міндетті түрде тиісті жағдайлар (факторлар)- тұлға еркіндігі, жеке мүлік, адамдардың, бұқара халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтайтын әлеуметтік құрылым (структура) болуы керек, соларды зерделеп жақсы түсіну керек. Ал азаматтық қоғам идеясы тарихта қалай қалыптасты десек - Т. Гоббс, Дж. Локк, И. Кант, К. Маркс, М. Вебер тағы басқа ғұламалардың жазғанымен танысу керек. Ж. Руссоның "Халық суверенитеті", И.Канттың "Мемлекет - құқықтық заңға бағынған адамдардың бірлестігі"- деген пікірлерін зерделеу қажет.Сондықтан құқық және заң деген ұғымдарды жақсы түсіну керек. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет демократия жолына көшкен Қазақстан Республикасында қалай қалыптасып келеді – соны түсінуді қажет етеді. Қазақстандағы құқықтық мемлекет орнатудағы Конституциялық Сот пен Конституциялық Кеңестің рөліне мән беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Дәуір, 2005.–223 б.
2. Жамбылов Д. Саясатт
ану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б.
3. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.К. Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, 2018. - 209 б.
4. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
Практикалық сабақ 8. Саяси режимдер – 1 сағат
Мақсаты: Саяси режим туралы тұжырымдамалар мен ұғымдарын, саяси режимнің түріне қарай жіктелуін, режимдердің мемлекеттегі құрылымын түсініп білу.
1. Саяси режим түсінігі және оның типтері.
2. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде.
3. Авторитарлық саяси режим.
4. Демократияның теориялары мен модельдері. Демократиялық режим.
Достарыңызбен бөлісу: |