Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б
2. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
3. Саяси модернизация: оқу құралы / Г.Қ. Әбдіғалиева, А.О. Жампетова. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2020. – 158 б.
4. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: ОҚМПИ, 2014. – 180 б.
Практикалық сабақ 14. Саяси қақтығыстар мен дағдарыстар – 1 сағат
1. Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі ролі.
2. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
3. Саяси қақтығыстардың типологиясы.
4. Қазақстандағы саяси жанжалдар мен келісім мәселесі.
5. Этносаяси жанжалдар.
Әдістемелік нұсқау. Саяси шиеленістің мазмұнын саясат субъектілерінің билік бөлінісі қатынастары саласындағы қайшылықты сипаттағы өз мүдделерін, құндылықтары мен көзқарастарын қорғау, жүзеге асыру жолындағы бақталастығы, түрлі қоғамдық-саяси күштердің тайталасы ретінде қарастыру керек; Ежелгі грек ойшылы Гераклит, заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туындайды деген болатын. Қайта өрлеу және жаңа заман кезеңдері ойшылдарының (Макиавелли, Гегель) қарама-қайшылықтарға байланысты пікірлеріне тоқталыңыз. Саяси шиеленістер туралы, Маркс пен Энгельстің, Л. Козер, Р. Дарендорфтың тұжырымдарын қарастырыңыз. Саяси шиеленістердің, нақтырақ айтсақ, тараптардың экономикалық мүдделерінің қақтығысы, азаматтардың саяси құқықтарының шектелуі, идеологиялық қайшылықтар, әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі, субъектілердің этникалық және діни көзқарастары арасындағы қайшылықтардың шығуына түрткі болатын себептерге талдау жасаңыз;
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б
2. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
3. Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. – 223 б.
4. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: ОҚМПИ, 2014. – 180 б.
Достарыңызбен бөлісу: |