2. Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет.
Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін дамытудың жолын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-тапсырмалар, логикалық тапсырмалар пайдаланудың мәні зор.
Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, тілін дамытып, шығармашылығын арттыратыы жұмыстардың бірі - өлең құрастыру.
Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға жаттығу есебінде мына төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:
Жұмыстың немесе ойынның аты «Лимерик». Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.
Ойынның шарты: белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылым бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен әр тармақта сілтеме беріледі.
Айталық, бірінші тармақ - кейіпкер, екінші тармақ - кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақ – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші тармақ - оқиғаға авторлық көз қарасы, кейіпкердің іс- әрекетіне бағасы. Мысалы:
Болыпты бір пенде кейіпкер
Өзі аңғал әпенде мінездеме
Түбі тесік шелекпен оқиға
Су тасыпты ұзақ күн
Әй, жарымес әпенде автордың көзқарасы.
Оқушылар жұмыстарынан:
1. Болыпты бір тышқан
2. Өзі қорқақ адамнан
Әрең шығып інінен
Айтып берер бір әуен
Әнші тышқан болдың сен.
Болыпты бір балапан
Өзі сондай ашушаң
Қанатын қағып ойнайды
Аяғы оның талмайды
Балапан - ай, балапан.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ертегі, әңгіме құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құрудан басталған бұл жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кездерде оқыған ертегінің мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұруы керек.
Ауызша суреттеу.
Алғашқы кезде қиындау тиеді, өйткені, ол ауызша айтуға әлі дағдылана қоймаған. Үйде ол оқығанын не өзіне, не ата-анасына айтпайды. Тек оқыл шығумен шектеледі. Бұдан баланың ез ойын айтуы, оны әртүрлі сөздермеы жеткізіп, ұйқасын келтіреді.
Диафильм құрастыру.
Диафильм - суретті шығарма. Суреттер тірек ретінде пайдаланылады.
Енді оқушылар жоғарыда сөз етліген ауызша суреттеуді қағазға бейнелейді.
Ол арқылы оқыған шығармаға деген өз көзқарасын, сезімін білдіреді.
Диафильм құрастыру оқушылар алдына төмендегідей мақсаттар қоюдан басталады:
тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл.
Диафильм кадрларының ретін көзіңе елістет
Оларды альбом бетіне сал.
Кадрлардағы сюжеттер бойынша әңгімелеп бер.
Егер қиындық туғызса, әр кадрға қысқа текст құрастыр.
Кадрлар бойынша әңгімеле. Әңгіме толық мазмұнды болсын.
Кадрлар бойынша әңгімелету баланың байқағыштығын, ойын, тілін дамытады. Негізгіні анықтай білу, лигоканы есте қатаң сақтау, өз ойын жүйелеп айта білуге үйретеді.
Драмалау
Драмалау - баланың қабілеттерін дамытудың негізгі кілттерінің бірі.
Балалар шығарманың кейіпкерлеріндей өздерін сезіну арқылы тәжірибе
жинақтайды, мінез-құлығын қалыптастырады. Оқушыларды шығармашылық жұмыстың мұндай түріне тарту арқылы олардың қоршаған дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруға, сезімдерін, қабілеттерін дамытуға болады. Драмалау балалардың ойын, тілін дамытады.
Сөз өнері - өнердің биік шыңы. Ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша "Сөз өнері - адам санасының үш негізіне: ақылға, қиялға, көңілге сүйенеді" деген. Ендеше, сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі бірлікте қарастыруымыз керек.
1. Балаларға қысқаша ертегі, әңгіме оқып, қызық жеріне
келгенде үзіп, /"Контексті үзу" тәсілі/ өз ойынша аяқтауды
оқушыға тапсыру.
2. Сөздік ойындар.
3. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.
4. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі ойдан шығару /басы,
аяғы, соңы/.
5. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру
т.с.с.
6. Тірек-сызбалар, символикалық белгілер, суреттер арқылы ертегі құрастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуды жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмысты 3 топқа бөліп, соған сәйкес мынадай жаттығулар қарастырылады.
ізденушілік
Ізденушілік қабілетті дамытуға арналған жаттығудың бір түрлі - мәтінді редакциялау. Мысалы, екі түрлі тақырыпта жазылған өлең жолдары ауыстырылып беріледі де, оқушы осы екі өлеңді дұрыстап, ұйқастырып, екі бөлек жазуы керек немесе нөмірлеп шығады.
Күшігім менің саққұлақ
Жалқау бала құрысып
Келеді, әне, шапқылап
Өз-өзіне тырысып
Сақтығынды көрейін
Түске дейін жатады
Койшы атаға берейін
Шешесімен ұрысып
Оқушы осы сияқты тыпсырмаларды орындау арқылы өлең мағынасын толық түсінуге, шығарманың негізгі идеясын анықтауға, ұйқас сөздерді табуға үйренеді.
Мәтін қатесін түзетуге арналған тапсырманың бір түрі мынадай: оқушы өлеңге керекті сөздерді тауып, орнына қою керек.
Көкте көкбақалар парады
Бізге үмітпен қарады
Құмалақты
Бір құстар
Домалатып барады
Оқушы сөздердің орнын тауып, қою керек.
"Ұйқас табу"' тапсырмасының бір үлгісі мынадай:
"Менің мысығым" өлеңіне /1 сынып/ сөздің орнына берілген сурет бойынша ұйқас сөз іздейді.
Бар менің /мысықтың суреті/
Көрсен оның пысығын
Қақпақылдап ойнайды
Ол әжемнің /ұршықтық суреті/
Ұйқас сөздер: мысығым, пысығын, ұршығын.
Шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаттығудың бірі -ұйқас табу арқылы өлең құрастыру. Мысалы, "Қзрмырадағы балақан" жапон ертегісіне /4 сынып/ өлең шығарудың мынадай үлгісін пайдаландым:
"Қаңғыбас Таро"
Екі көзі...
Көше кезіп са...тап
Қорлық көрген Таромыз
Енді жалқау бол...ды
Жалқау болса оңб...ды
Үн үйлесімі, әуез бен ырғақ баланың жан дүниесіне, танымына жақсы
әсер етеді. Үнтаспадан тыңдау арқылы есте сақтау ауызша айтқанға
қарағанда нәтижелі екенін байқадым. Мысалы, баланың өзіне таныс ән
әуеніне салып, ережені әнге қосып айту әрі қызық, әрі ұғымды, есте сақтау
оңайырақ.
Ең бастысы, оқушыға берілген кез келген тапсырма баланың тікелей сезімі, эмоциясы арқылы қабылданатындай, қызығушылық тудыратын болуы қажет.
Ал, өз ойынан ертегі құрастырып үйрету тапсырмасында В.Я.Пропптың символикалық тіреу сызбаларының төмендегідей түрі пайдаланылады.
Басты кейіпкердің басқа кездесуі
кейіпкермен
|
Қандай проблемалық мәселені шешуге болады?
|
Мәселені шешудегі
басты
кейіпкердің іс-
әрекеті
|
Символикалық белгілер бойынша ұтымдар, сөздер әртүрлі символдар, схемалар, суреттер арқылы беріледі. Тірек-сызбаны пайдаланьш, ауызша сабақ айту оқушылардың ынта-ықыласын арттырады. Осы сияқты сызбалар оқушының мәтін мазмұнын жүйелеп, рет-ретімен айтуына көмектеседі. Кейде символикалық белгілерді оқушының өздері ойлап тауып, бір-біріне жасыруға болады. Ең бастысы - бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Ал, сөздік ойындар әдісін пайдаланғанда, жылдамдықты қажет ететін тапсырмалар беріледі. Мысалы, /құмсағатты пайдаланамын/ 1 минут ішінде: "е" дыбысы екі рет кездесетін сөздерді ойлап жазады. Кім көп сез жазады, сол жеңімпаз болады.
Міне, осыған ұқсас тапсырмаларды орындау ойын түрінде берілсе, әрі қызықты, әрі жылдам, әрі ойлау процесімен қатар жүреді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім заман талабына сай білім беру сапасын көтеру үшін жаңа оқыту тәсілдерін саралай отырып, өз шығармашылығын жетлідіріп, үнемі ізденіс үстінде болады.
4 сыныптарда санмалық, макал-мәтелдер сияқты жанрларды өткенде оқушыларға өз жандарынан ауыз әдебиетінің осы түрлерін шығаруға, не еске түсіріп дұрыс қолдануға үйрету керек. Бұл жұмысты төмендегідей етіп ұйымдастыруға болады.
Оқиғаға
байланысты
мақал-мәтел айт,
ө зің оилап шығар
|
Керісінше, мақал-
мәтелге сай
келетін оқиға
ойластыр
|
Сурет бойынша бірнеше мақал айт
|
Берілген мақалдың мазмұнына сай келетін иллюстрациялар тауып әкел
|
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын арта түседі.
Тіл дамытуға арналған тапсырмалар:
1. Кез келген газеттен дауысты дыбысы бар 10 сөзді теріп ал, тап, Оларды қарандашпеи дөңгелектеп сызып қой, орнын анықта /басында, ортасында, соңында/
2. Открыткаға қарап отырып, қызықты қысқа әңгіме құра /немесе суреттің мазмұнына сәйкес өлең, ән, мақал-мәтел тап/
3. Ең жақсы көретін гүл, не ағаш, не жыл мезгілді бейнеленген сурет тап. Оларға сәйкес өлең, тақпақ, мақал-мәтел ойластыр.
4. "Мектепке келер жолда" деген тақырыпта әңгіме айт. Мақсат: онда өмірдегі әдемілікті көруге. жазуға тырыс
5. "Алтын күз" тақырыбына диафильм жаса. Ол үшін дәптердің бетін алдымен екіге, сосын тағы да екіге бүкте. Сонда төрт квадрат шығады. Оларға нөмерлер қой. Әр квадратта күздің өзіңе ұнаған: бейнелерін сал. Оларды әңгімелеп беруге әзірлеп.
Достарыңызбен бөлісу: |