Сабақ: Күні: Тобы: Тақырыбы: Езбе көжелер, сапасына койылатын талаптар



бет2/8
Дата03.01.2022
өлшемі20.75 Kb.
#450324
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
4 Езбе көжелер

Пәнаралық байланыс:

1. Еңбекті қорғау. Тақырып: «Пышақ және кескіш жабдықтармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау».

2. Санитарлық гигиена. Тақырып: «Аспазшы-кондитердің жеке гигиенасы».

3. Аспаздық. Тақырып: «Қатықталған (тұздықталған) көже»;

4. Тағам дайындау технологиясы. Тақырып: «Бірінші тағамдарды дайындау».

Сабақтың түрі: Өндірістік оқыту.
І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

1. Топ оқушыларымен сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу; Бригадир рапорты;

3. Күнделіктері мен санитарлық кітапшаларын тексеру;


ІІ. Кіріспе нұсқама (40-45 мин)

1. Жаңа тақырыпты хабарлау, түсіндіру;

2. Құрал-жабдықтарды дайындау: пышақ, тақтай, жұмыс үстелі, орамал.

3. Езбе көже дайындауға қажетті азық түліктерді механикалық-аспаздық өндеу;



Езбе көжелер

Езбе көжелер өнімдерді жылулық өңдеген соң езгілеумен ерекшеленеді, сондықтан олар біртекті, нәзік консистенциялы. Бұл көжелер балалар және емдік тамақтануда қолданылады. Мейрамханаларда оларды шығыс еуропа елдерінен келген шетел туристері үшін түскі ас мәзіріне қосады.

Езбе тәрізді көжелер тобына төмендегілер жатады:

-ақ соус қосылған езбе көжелер;

-сүт соусы қосылған крем көжелер;

-шаян тәрізділерден дайындалған биски көжесі.

Езбе көжелерді көкөністерден, жармалардан, бұршақтылардан, құс, сиыр етінен, саңырауқұлақтардан дайындалады. Бұл көжелерге арналған өнімдерді әртүрлі жылулық өңдейді (пісіру, өз сөлінде пісіру, қуыру, бұқтыру), содан соң езгілейді. Қиын езгіленетін өнімдерді алдын ала еттартқыштан өткізеді, содан соң езгілейді. Езгіленген өнімдер біртекті консистенциялы болу үшін ақ соус қосады. Жармалардан дайындайтын көжелерге ақ соус қоспайды, себебі жармалардағы крахмал қажетті консистенция құрады.

Ақ соус үшін ұнды маймен немесе майсыз шала қуырады да, сорпа, көкөніс қайнатпасы, сүт(сүт соусы) қосылады.

Тағамдық құндылығын арттыру және дәмін жақсарту үшін езбе көжелерге жұмыртқа-сүт қоспасын қосады(бұршақтылардан басқа). Барлық көжелерге сары май қосылады.

Ассортименті:

-Сәбіз бен шалқаннан даярланатын езбе көжелер

-Картоп езбе көжесі

-Әртүрлі көкөністерден езбе көжелер

-Асқабақ крем көжесі жармалардан езбе көже

-Бұршақтылардан даярланған езбе көже

-Құс етінен езбе көже

-Бауырдан езбе көже

-Биски көжелер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет