Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


тапсырма: Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қосу үшін орындалатын командалар тізбегін жаз: Пуск-Прораммы-



бет23/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

1 тапсырма:
Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қосу үшін орындалатын командалар тізбегін жаз:
Пуск-Прораммы- Microsoft Word


2 тапсырма:
Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесінің элементтерінің атауын жаз:







3 тапсырма:
Стандартты және пішімдеу құралдар тақтасының әр құралының тұсына оның міндетін жаз:

Стандартты тақта батырмалары:





Батырма суреті

Батырма міндеті

Батырма суреті

Батырма міндеті



Құру



Болдырмау



Ашу



Қайтару



Сақтау



Кестелер және шекаралар



Басу



Кесте қосу



Алдын ала қарау



Колонки



Қиып алу



Сурет салу



Көшіру



Масштаб



Кірістіру



Дұрыс жазу

Пішімдеу тақтасының батырмалары:





Батырма суреті

Батырма міндеті

Батырма суреті

Батырма міндеті



Стиль



Ортасы бойынша



Шрифт



Оң жақ шеті бойынша



Өлшемі



Ені бойынша



Қарайтылған



Номерлеу



Курсив



Маркерлер



Асты сызылған



Шрифт түсі



Сол жақ шеті бойынша







4 тапсырма:
Сұрақтардың жауабын кестенің оң жақ бағанына жаз:



Сұрақ

Жауап

Мәтінді енгізгенде ENTER пернесін қай кезде басу керек

Абзац соңында

Меңзердің орнын ауыстыру үшін қандай пернелер қолданылады?

Меңзерді басқару пернелері

Меңзердің сол жағында орналасқан символды өшіпру үшін қай перне қолданылады?

Backspace

Меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіпру үшін қай перне қолданылады?

Delete

Бас әріп салу үшін қай пернені басулы күйде ұстап тұрамыз?

Shift

Бас әріптер режимін қосатын перне қалай аталады?

CapsLock

Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қолданылатын пернелер комбминациясынг жаз.

Shift+Alt



Сохранить_как'>5 тапсырма:
Мәтінді сақтау.

Сохранить как (алғашқы сақтау)
1. Файл-Сохранить как командасын орындайды.
2. Сохранение документа терезесінде Папкалар өрісінде папканың атын таңдап алады.
3. Имя файла өрісінде құжаттың атын теру.
4. Сохранить батырмасын шерту.

Сохранить (қайталап сақтау)
1. Файл-Сохранить командасын орындайды.
Файл бұл жағдайда бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында енгізілген өзгерістерімен сақталады.

Тапсырма: Толтырған құжаттарыңды Мои документы папкасына өз аты-жөндеріңді файл аты ретінде енгізіп, сақтаңдар.


Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.



Топ :













Күні:













Тақырыбы: Қайталау. Microsoft Word негіздері: құралдар тақтасы, құжаттарды форматтау.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен, онда құжат жасаудың негізгі әрекетерімен таныстыру.

Б) Word мәтіндік процессорында құжат құру мен оны сақтаудың алғашқы қадамдарын үйрету.


В) Компьютерді қажетіне қарай пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтары арттыру.


Сабақ көрнекілігі: Карточкалар


Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Бүгін алдыңғы сабақтың жалғасы өтеді.
Бүгінгі сабақта біз мәтіндік құжатты пішімдеу режимдерімен танысатын боламыз.
Мәтіндік құжатты пішімдеу.
Мәтін теріліп және өңделіп болғасын оны пішімдеу жүргізіледі.
Пішімдеу мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Пішімдеуді құжат құрғанша да немесе соңынан да жүргізуге болады. Ең бастысы пішімдеу құжатты баспаға шғармастан бұрын жүргізілуі керек.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып;

  • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;

  • жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрістерін айқындауға;

  • беттегі мәтінді туралауға;

  • жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтінді жиектеудің әртүрлі типтерін таңдауға;

  • мәтінді ресімдеуге байланысты басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, сондай –ақ пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.


Пішімдеу әрекеттерін мәтінмен, оның бөлімдерімен де, яғни символмен де, сөзбен де, жолмен де, абзацпен де, бөліммен де, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Мәтінді белгілеудің бірнеше тәсілдері бар.

  • Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертіңдер. Бірнеше сөзді белгілеу үшін оны екінші шерткеннен ейін маустың батырмасын жібермей, оның нұсқағышын сөздерді бойлай жылжытыңдар.

  • Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басынка жылжытыңдар да бер рет шертіңдер.(маус нұсқағышы бағдарша түрін қабылдауы керек)

  • Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез-келген жерінде маусты бір рет шертіңдер.

  • Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертіңдер.

  • Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинациясын басыңдар немесе Правка-Выделить все командасын орындаңдар.

  • Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басына бір рет шертіңдер де, пернесін басып тұрып, белгіленетін соңына ауысыңдар да, маусты тағы бір шертіңдер.



Пішімдеу режимдері.
1. Символдарды пішімдеу. Символдароды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын қолдану.
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат-Шрифт командасын орындаңдар.
2 . Абзацтық шегіністер.Үнсіз келісім бойынша мәтін нөлдік абзацтық шегінспен енгізіледі., яғни қызыл жолсыз, туралу сол жақ шеті бойынша жүргізіледі.
Абзацтық шегінстерді сызғыш бойындағы маркерлердің көмегімен қоюға болады. Оның ішінде оң абзацтық шегініс, теріс абзацтық шегініс және нольдік шегініс қоюға болады.
3. Туралау. Үнсіз келісім бойынша мәтін сол жақ шекара бойынша тураланады. Туралауды өзгерту үшін:

  1. Бүкіл мәтінді немесе мәтін бөлігін белгілейді.

  2. Аспаптар панеліндегі туралау батырмаларының бірін шертеді.

4 . Жоларалық интервал. – абзацтағы жолдардың ара қашықтығы. Үнсіз келісім бойынша ол Одинарный жоларалық қойылады. Оны өзгерту үшін меңзерді жоларалық интервалы өзгеретін абзацтың ішіне қойып, Формат-Абзац командасын орындайды. Шыққан терезеде Межстрочный тізімін ашып, қажетін таңдайды.
5. Тасымал жасау. Мәтін енгізу барысында жол оң жақ шекараға жеткенде келесі жолға автоматты түрде тасымалданады. Жолдағы соңғы сөз жолға сыймаса ол келесі жоолға көшіп жолдың оң жағы тегіс болмай қалады. Егер мітін ені бойынша тураланса онда жолда үлкен бос орын қалады. Кейде құжатта мұндай үлкен бос орын қалдыруға болмайды. Сондықтан мұндай кезде буынға бөліп тасымал қою керек болады.
Тасымал қою үшін мәтін енгізбей тұрып, Сервис-Язык-Растановка переносов командасын орындаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет