Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі қызметі



бет11/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

2. Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі қызметі.
Рефлекс – организмнің орталық жүйке жүйесінің қатысуы арқылы тітіркендіргіштерге жауап қайыру реакциясы. Организмге тұрақты әсер ететін әртүрлі тітіркенулерді рецепторлар қабылдайды. Сол тітіркенулерге организм белгілі іс- әрекетімен жауап қайырады. Ауызғ тамақ заттары барғанда, тілдің бүршіктері тітіркеніп, сілекей бөліне бастайды. Организмнің осы барлық реакциясы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Тітіркену кезінде рецепторларда пайда болған қозу импульстері сезімтал жүйкелермен орталық жүйке жүйесіне барып, ол жерден қозғалтқыш жүйкелер арқылы әртүрлі органдарға барады. Органдар белгілі іс- әрекетпен жауап қайырады (еттер жиырылады, бездер секрет бөледі).
Рефлекстердің жасалуындағы қозудың жүру жолы рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға негізінен 5 бөлімнен тұрады: рецептор, афференттік жол, аралық нейрон, эфференттік жол, эффектор.Рефлекторлық жолдың бір бөлімі зақымдалса рефлекс жасалмайды. Рецепторлар құрылысына, орналасуына жеріне және қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: экстерорецепторлар (сыртқы), интерорецепторлар (ішкі) және проприорецепторлар (сіңір).
Экстерорецепторлар сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Оған көздің торлы қабығы, құлақ, тері, иіс және дәм сезу клеткалары. Олар сртқы орта факторларының жанасудың, температураның, жарықтың әсерелері мен өзгерістерін қабылдайды.
Интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, жүректе, бауырда, бүйректе, қан тамырларда орналасқан. Әрі мүшелер қызметінің өзгеруімен және организмнің ішкі ортасының күйімен байланысыты тітіркенулерді қабылдайды.
Проприорецепторлар (сіңір) бұлшықеттерде болады, еттердің жиырылып, созылуын қабылдайды, яғни еттерде қимыл- қозғалыстарын білдіреді.
3. Қозу және тежелу процестерінің жас ерекшеліктеріне байланыстығы.
ОЖЖ тек қозу емес, сонымен қатар тежелу процесі де жүреді. Бұл екі процесс те біріне- бірі тығыз байланысты. Тежелу қозуға қарама- қарсы процесс. Бұл жүйке әрекетін әлсіретуі немесе тоқтатуы мүмкін. ОЖЖ тежелу процесін алғашқы рет 1862 жылы И.М.Сеченов ашты. Ол бақаның миының көру төмпешіктеріне ас тұзының түйірін салғанда, оған жауап ретінде жұлын рефлексінің тежелгенін байқаған. Сөйтіп ол көру төмпешіктерде рефлекстерді тежейтін орталықтың бар екені жөнінде қорытындыға келген. Бұл «Сеченовтік тежелу» д/а.
Н.В.Введенскийдің ілімі бойынша тежелу мен қозу тітіркендіргіштердің күші мен әсер ету жиілігіне байланысыты пайда болған. Бір ғана жүйке процесінің 2 жақты көрінісі. Тежелудің биологиялық маңызы бар. И.П.Павлов оның қорғаныштық ролі бар екенін анықтаған. Себебі: тітір-у проц. өте күшті әсер ететін тіт-дің әсерінен жүйке клеткаларын қалыптан тыс шаршаудан сақтайды. Тежелу, қозу өзара байланыс жасай отырып, организмнің өте күрделі үйлесімді қимыл- әрекет жасауына мүмкіндік береді. М: жүру кезінде аяқтардың бүгу бұлшықеттерінің нейрондары қозған кезде, жазу еттерінің нейрондары тежеледі.
Иррадиация – 1908 ж. А.А.Ухтомский мен Н.Е.Введенский бірігіп, қандай рецептор болмасын тітіркенген кезде пайда болады. Қозу ОЖЖ барып, онда кең таралатынын, яғни иррадиацияланатынын дәлелдеді. Таралған қозу тек қана сол рефлекстің орталығын қамтып қоймай, ОЖЖ-ң басқа бөлімдеріне де жайылады. М: аяқта п.б. қозу барлық денеге таралып, денені біршама қозғалысқа келтіреді.
Индукция- әрбір нейронда немесе жүйке орталығында п.б. бір жүйке процесі. Өзіне қарама- қарсы екінші проц. Оңай ауысад. Бұл құбылыс индукция д/а. Егер қозу тежелуге ауысса- болымсыз индукция, тежелуден кейін қозу басталса – болымды индукция. Ж.Ж –нің бір бөлімінде жүріп жатқан проц. Зерттеп ғалымдар қозу проц. Тежелуге, тежелу қозуғаауысып отырады деп қорытындылады.
Доминант принципі: А.А.Ухтомский 1911 ж жасаған. Доминант – бір жүйке орталығы қозудың екінші бір жүйке орталығына уақытша үстемдік жасауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет