Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, үлкен ми сыңарлары



бет12/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

4. Жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, үлкен ми сыңарлары
Жұлын. Жұлын және ми – бір жүйенің екі бөлігі, тек зерттеуді жеңіл болу үшін оны жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі. Жұлын омыртқа жотасының куысында орналасқан. Жұлынның көлденең кесіндісі ақ және сұр заттар көрінеді. Сұр заттың түрі көбелек немесе Н әрпін еске түсіреді. Сұр зат- нейрондардың денелерінен, ал ақ зат- өткізуші жолдар түзетін жүйке талшықтарынан тұрады. 2,5 айлық баланың жұлыны, клетка типтері бойынша ересектердің жұлынына сәйкес келеді. Жұлын рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Афференттік талшықтар жұлынның артқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оның алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлынның қызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе релексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бала өмірінің алғашқы күндерінде бұл релекс онай жасалады. Бір жастан кейін балада әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе релексін әруақытта байқауға болады.
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады- рецепторлардан орталықтарға немесе орталықтардан эффекторларға импульстерд жеткізу. соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импульстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғарғы көтерілу жолы және төмен түсу жолы. Жоғарғы көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б...
Төмен түсетін жол арқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге – органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: скелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б. Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану), оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның нерв орталықтары зақымдалса, релекстер пайда болмайды немесе пайда болған релекстер жойлып кетеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цидиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау юолып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарылауына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет