Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет44/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

Қан құрамы, қызметі

Қан- формалы элементтерден –эритроцит, лейкоцит, тромбоцит және плазмадан тұратын сұйық зат. Плазма құрамы тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдерінен тұрады. Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75%, 15 жастағы- 8,25%, ересек 8,3% құрайды.
Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Адам организмінің клеткалары шағын өзгерістеріне өте сезімтал келеді. Ішкі ортаның тіршілік жағдайының тұрақты болуын қолдап отыруды –гомеостаз дейміз. Организмде қанның қысымы, дене температурасы, қан және ұлпа сұйықтығының осмос қысымы, сондай-ақ белоктар мен қанттың болуын, натрий, кальций, хлор т.б. заттардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Гомеостаз жүзеге асуын нерв жүйесі- ВЖЖ, гипофиз, эндокринді жүйе реттеуге қатысады. Ішкі орта тұрақтылығына тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің маңызы зор.
Ағзадағы қан мөлшері аздап өзгеруі мүмкін, ол жас ерекшеліктерге байланысты. организмнің жасы неғұрлым жоғары болмса, онда қан біршама аз болады. төменгі жастағы балалардың қаны 7-8%, ал ересектердікі балалардың дене салмағының 5-6% тең. Төменгі сынып оқушыларының 1кг салмаққа 70мл, жоғары сынып- 65мл, ересектерде-50мл қан келеді. Қыздарға қарағанда ұлдарда артық. Бұлшық еттері жақсы дамыған адамдармен салыстырғанда, семіз адамдардың қаны аздау.
Эритроциттер- дискке ұқсас ядросыз клетка. Құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындыларынан тұрады.
Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1мл куб-7,2млн, 5-6 айлық 4-4,5млн, 1 жаста кейін кәмелетке толғанға дейін көбейеді. Ересектердегідей 1мл куб 4,5-5млн жетеді. Олар 30-120күнге дейін өмір сүреді.
Гемоглобин- құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроцит пен қанға қызыл түс береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85%. Құрамы 100% болғанда 100мл қанда 17,3г гемоглобин болады. оның мөлшерінің 70% -тен төмен болуы (100мл қанда 14г) қан азайғандық немесе анемия ауруы.
Бала неғұрлым жас болса, қан азаюы жеңіл өрістейді. Бұл қан жасайтын органдардың әлсіз қызметі, тыныс жолдарының жас ерекшелігі, оттегі жеткіліксіздігі, витамин мен темір жетіспеуі, таза ауада жеткіліксіз болуы. Қаны азайған бала мен ересектер тез шаршайды, басы айналады, тері боз болады, есте сақтау, зейіні төмен болады. ол үшін мал бауырын, содан дайындаған тамақ, сәбіз, бүлдірген, көк, қызыл жүзім пайдалану қажет.
Егер құйылған қанға ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыттансоң эритроциттер шөге бастайды. Бұл қасиет эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ). Бұл медицинада ауруды анықтау үшін қолданылады. Ауру кезінде СОЭ тез тұнады. Балалар мен ересектер СОЭ бірдей 4-12мм. Өкпе қабынғанда, грипп кезінде СОЭ сағатына 20-50мм болады.
Лейкоциттер- қанның иммунитеттік қызметі. Қанның белсенді қозғалатын ядросы бар, формасы үнемі өзгеріп тұратын клеткалар тобы. 1куб.мм жас балаларда 8-11мың, естиярларда-7-10мың, ересектерде 6-8мың. Лейкоциттердің нормадан артып кетуі-лейкоцитоз, аз төмендеуі-лейкопения деп аталады. Ауырғанда 60-80мың, лейкопенияда 2мың жетеді. Лейкоциттер қорғаныс қызметі атқарады. Микробтар мен бөгде заттарды сіңіреді- фагацитоз. Төменгі сынып оқушыларының қанында жоғары сынып оқушылары мен ересектерге қарағанда лейкоциттер көп болса да, олардың қозғалғыштығы мен фагоциялық белсенділігі төмен.
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары өте ұсақ, формасыз клеткалар. Балалар қанының 1куб.мм 200-300мың, ересектерде 300-400мың. 1куб.мм тромбоцит 150мыңға азайса –тромбопения. Тромбоцит саны азайған адамдарда қан ұйымайды-гемофилия. Қанды қан ұйытқыш дәрі арқылы тоқтатады.
Қан қызметі- қан тамырлар бойымен қан тұрақты қозғалыста болып, организмде тасымалдау қызметін атқарады. Оттегі қанмен бірге өкпеден организмнің барлық ұлпаларына барып, ал көмірқышқыл газы ұлпалардан кері өкпеге келеді. Қан газдарды тасымалдап организмнің тыныс алу қызметіне қатысып, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті қолдайды.
Қанмен бірге ас қорыту органдарынан ұлпаларға әртүрлі қорек заттары тасымалданады: амин қышқылдары, глюкоза, майлар, минералдық зат, витаминдер. Бұлардың артығы қор ретінде жиналады. Сонымен қатар ыдырау өнімдерін ұлпалардан бөлу органдарына жеткізеді. Қан қорғаныш қызмет атқарады- улы заттар, микроорганизмдердің енуіне лейкоциттер кедергі жасап, әртүрлі аурулардан, уланудан сақтайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет