Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет52/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

3. Алыстан және жақыннан көргіштік.
Кейбір адамдарда көздің көру қабілетінің өзгеретіні белгілі. Ондай жағдайда заттардың бейнесі анық болмай бұлыңғыр тартып көрінеді. Олай болу себебі көретін нәрселерден келетін сәуле фокусы көздің торлы қабығының дәл өзіне түспей, жетпей немесе өтіп барып түсуінен болады. Жақыннан көретін (миопия) эадамдарда заттың бейнесі торлы қабыққа жетпей, оның алдыңғы жағына түседі. Сондықтан жақында тұрған зат анық, алыстағы бұлыңғыр көрінеді. Бұл көз бұршағының ұзаруымен байланысты. Көздің бұндай кемшілігін түзету үшін 2 жағы ойыс әйнек көзілдірік қолдану қажет.
Жақыннан көру кемшілігінің пайда болуы көптеген жағдайлар әсер етеді: дұрыс тамақтанбау, режим сақтамау, баланың денсаулық жағдайларының нашар болуы, тұқым қуалайтын аурулар. Жақыннан көру кемшілігі мінезін кенет өзгертуі мүмкін. Ол ұмытшақтық, шаршағыш, басын төмен иіп, бүкірейіп жүреді, заттарды көзіне жақын ұстап қарайды.. Көз алдындағы нәрсе 2-у болып көрінеді. Ондай кезде баланы көз дәрігеріне көрсет жөн. Жақыннан көру кемшіліктерін болдырмау немесе оны алдын алу үшін транспорт жүріп бара жатқан кезде, төсекте жатқанда кітап оқуға, телевизорды жақыннан 2,5 м жақын отырмау керек. Нашар көретін балаларды жарық мол түсетін партаға, алдыңғы қатарға отырғызған жөн. Егер көзге қойылатын гигиеналық талаптар дұрыс орындалса, жақыннан көру кемшіліктері көп жыл бойы одан әрі қарай үдемейді.
Алыстан көру (гиперметропия) қабілеті бар адам әдетте қашықтағы нәрселерді жақсы көреді. Алыстан көретін адамдарда заттың бейнесі торлы қабықтан өтіп барып түседі. Жақын тұрған заттар бұлыңғыр болып, анық көрінбейді. Бұнда көз бұршағы кішірейеді. Көздің бұл кемшілігін асқындырмау үшін екі жағы дөңес әйнектен жасалған көзілдірік қолданылады.
Көру гигиенасы. Оқушылардың көздеріне қойылатын гигиеналық талап- тәрбие жұмыстарының негізгі бір міндеті. Негізгі профилактикалық жұмыс көздің қызметіне шамадан тыс күш түсірмеу. Әрбір 40-60 минут сайын көзді 10-15 минут тынықтыру қажет. Жақыннан көру кемшіліктерін болдырмау: көз бен оқулық аралығының қашықтығы 35см болатындай ету; үстелді баланың жасына сай дұрыс таңдау, жұмыс орнына жарық жеткілікті болу керек және сол жақтан түсуі керек. Бастауыш класс мұғалімдері балалардың оқу және жазба жұмыстары кезінде көздеріне артық күш түспеуін ескерген жөн. Оқушылардың көру қабілетін күшейту теннис, баскетбол, валейбол ойнау, гимнастикалық жаттығулар жасау, суда малту, велосипедпен жүру, шаңғы тебу өте пайдалы. Дәрігерлік тексеру кезінде анықтап, жазып берген көзілдірікті баланың дұрыс пайдала білуін қадағалау.
Көздің көру өткірлігі- көздің жеке нәрселерді ажырата алудағы максимальды қабілеттілігі. Оны арнайы таблица бойына ажыратады. Таблицада әріптер мен белгілер жоғарыдан төмен қарай бірте- бірте кішірейе түседі. Тексерілетін адамдарды таблицадан 5м қашықтықта отырғызады. Егер таблицаның ең соңғы қатарындағы әріптерді оқи алса, көру өткірлігі 1-ге тең. Төменнен жоғары қарай ауысқанда әрбір келесі жолды шығару көру өткірлігінің 0,1-ге кемитінін білдіреді.
Көру өткірлігі жасқа тәуелді. Бала өмірінің алғашқы жылдарында өте төмен, 5 жасқа дейін біртіндеп жақсарады. 15 жаста ең жоғары шегіне жетеді. Көру өткірлігі 3-4 сабақтарда жоғарылай түседі, ал қажыған кезде көру өткірлігі төмендейді.
Жарық сезгіш аппаратар. Көздің торлы қабығы күрделі құрылысты болады. Онда ерекше жарық сезгіш клеткалар таяқшалар мен құтышалар (колбашалар) болады. Бұлар фоторецепторлар деп аталады. Жарық сәулелері көретін заттармен көз қарашығы арқылы торлы қабықтың жарық сезгіш клеткаларына өтеп, қозу импульстерін туғызады да, көру нервтерінің бойымен мидағы көру орталығына барады.
Торлы қабықта 7 млн жуық құтышалар (колбашалар) және 130 млн таяқшалар болады. Құтышалар сары дақ деп аталатын торлы қабық орталығында орналасады.
-құтышалар күндіз көреді, зат түсін, пішінін және бөлшектерін;
-таяқшалар ала көлеңке, ымырт түскен кездегі жарық сәулелерін қабылдайды.
Көздің ең жақсы көретін жері – сары дақ., себебі онда құтышалар көп.
Жарық сезу. Көздің жарық сезгіштігі жасқа байланысты өзгереді. Ең жоғары сезімталдық 12-13 жас. 5-7 жастағы бала көзініңі электр жарығына сезімталдығы 7,2 бірлікке тең, 8-10 жаста 8,4; 11-12-10; 25-30 – 22,3 тең.
Түстерді сезу. Көз тек жарықты ғана емес, түстерді де айырады. Заттар түсін 6 айдан бастап ажыратады, әсіресе, қызыл түсті. 2 жаста қызыл түсті сарыдан, жасылды көгілдірден ажыратады. 3 жасқа тола бастағанда барлық түстерді ажыратады. 1 класпен салыстырғанда 3 класта түсті ажырата білу қабілеті 45% жоғарыласа, 4 кл. 60%. Түстерді ажырата білу қабілеті ұлдарға қарағанда қыздарда басым. Ұл балалар арасында дальтонизм кездеседі. Түстерді ажырату 30 жасқа дейін жақсы дамып, содан соң бірте төмендейді. Кейбір адамдар ашық қызыл, күңгірт жасыл, қара қошқыл, күлгін түстерді айыра алмайды. Бұл құбылыс түс танымау деп атайды. Осындай кемшіліктерді ағылшын физигі, химигі Дальтонның есімімен дальтонизм деген. Дальтонизм 8%, ал әйелдерде 0,5 % құрайды.
Екі көзбен бірдей көру қабілеті (бинокулярлы көру). Кеңістіктегі нәрселерді екі көз арқылы көреміз. Бинокулярлы көру кезінде әрбір нәрселерден келетін жарық сәуле 2 көздің торлы қабығына жеке-жеке барып түседі де, бір сәуле ретінде қабылданады, сондықтан көрінетін нәрсенің бейнесі 2 емес, 1 болып көрінеді. Екі көзбен көру қабілеті жасқа тәуелді. Жаңа туған балаларда көздері бір-біріне тәуелді болмай, әр қайсысы жеке қозғалады. Екі көзбен бірдей қарай қабілеті көздің қозғалуы мен көз тігу ерекшеліктеріне байланысты 2 жастан тұрақтала бастайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет