Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет21/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
ok. fiz. damu - darister

4. Жоғары нерв әрекетінінің типтері. Баланың оқу үлгерімі және мінез- құлқының қалыптасуын оның н.ж.типтеріне тәуелді. Шартты рефлекстің жасалуы олардың берік болуы ішкі және сыртқы тежелулердің қарқындылығы көп жағдайда н.ж.типтері байл. И.П.Павлов адамдар мен дануарларға жүргізген көп жылдық зерттеулерге сүйеніп н.ж.негізгі 3 қасиетін анықтаған.
1. нерв процесінің күші- ми қыртысының нерв кл-ның тіт-ге адекватты жауап ретінде қозуды н/се тежелуді күшейту.
2. олардың біркелкілігі- қозу мен тежелу біркелкілігі немесе олардың күші жөнінен тепе- теңдігі.
3. олардың ширақтылығы (қозғалғыштығы)- жағдайдың өзгеруіне байл.бір проц-ті 2-ші проц-ке ауыстыру жылдамдығы.
И.П.Павлов н.ж.3 түрлі қасиетіне сүйеніп, жоғары н.жәрек.негізгі 4 типін анықт.
1. Күшті, ұшқалақ мінезді тип (ұстамсыз), қозу тежелуге қарағанда үстем. Бұл типке жататын бала-да ш.р.оңай жасалады. Өте белсенді актив елікпе, кейде беймаза болады.
2. Күшті, біркелкі, жігерлі, еті тірі тип. Бұл типтегі бал-да жағымды, жағымсыз ш.р.тез жасалады. Жігерлі, көпшіл болады, еркін, қолдарын қимылдатып сөйлейді.
3. Күшті, жігерлі, байсалды тип.мұндай типті балаларда ш.р. баяу п.б. бірақ ұзақ сақталады. П.бп әдет – дағдыларды өзгерту қиын болады. Бұл тип балалары еркін, дұрыс сөйлейді. Сөз қоры жеткілікті, тыныш отырады.Мұқият бала.
4. Әлсіз тип. Мұнда қозу про-не қарағанда тежелу үстем болады. Жұмыс кезінде нерв кл. Тез шаршайды. Әр түрлі әсерлерден оңай тежеледі. Қимыл-қозғ, әлсіз.Баяу, жинақсыз, тұйық, ынтасыз.
ІҮ ғ. өмір сүрген грек дәрігері Гипократ аддарды 4 темпераментпен ажыратқан: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Холерик- күшті, тез қозатын, ұстамсыз ұшқалақ; Сангвиник-күшті, тиімді қозатын, байсалды, тез; Флегматик- күшті, тиімді қозатын, байсалды, баяу; Меланхолик- әлсіз, баяу қозатын, байсалды.
5. Ұйқы және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
Көптеген жылдар бойы нерв жүйесі бүкіл организм секілді ояу кезінде қажиды, сондықтан ұйқы кезінде өзінің жұмыс қабілетін қалпына келтіруі тиіс. Тежелу организмді шектен тыс қажудан сақтайды.Тежелудің негізгісі- ұйқы.
Ұйқы- мидың белсенді (әрекет) күйі, оның мұндай күйі ерекше ми системаларының жұмысына байланысты. Аралық мидың алдыңғы бөлігінде гипоталамуста орналасқан ми аймағы табиғиұйқының кілті. Ұйқы- терең, баяу, тез немесе парадоксальды фазалар. Баяу ұйқы кезеңінен соң тез ұйқы келеді. Бұл кезде адамды ояту қиын, демек ол терей ұйқыға айнала бастауы.Ояну белгілерінің бұлайша әдеттен тыс ұштасуы, ұйқының одан әрі тереңдеуіне байланысты тез ұйқы кезеңін парадоксальды (әдеттен тыс) ұйқы кезеңі деп атайды. Бұл ұйқы 15-20 мин. Созылып, баяу ұйқымен алмасады.
Түннің алғашқы жартысында баяу ұйқы басым, таңертең тез ұйқы кезеңінің аралығын едәуір ұзара бастайды. Тез ұйқы кезеңінде оятқан адам осы сәтте не көргенін айтып береді. Баяу ұйқы кезеңінде адам түс көрмейді. Ұйқының түрлері.
1. Тәуліктік- барлық жануарларға тән.
2. Маусымдық- кейбір сүтқоректі, құстарға тән.
3. Гипноздық- адамды сөзбен сендіру арқылы п.б.
4.Наркотикалық-химиялық заттарға байланысты болады (морфи, эфир, хлороформ).
5.Патологиялық-мидың әртүрлі жағдайларына байланысты өзгерістерінің нәтижесінде пайда болады.
Ұйқының рефлекториялық теориясын шығарған И.П.Павлов. Ұйқы –ішкі тежелу, ол ми қыртыстарының белгілі бір бөлімдерінде пайда болып, содан барлық ми қыртыстарына таралып, қыртыс асты бөлімге дейін жетеді деп түсінік берген И.П.Павлов.
Түс көру: Ұйқы кезінде ми жұмыс істейді. Түс көру- психикалық процестердің ұйқы кезіндегі активтілігінің дәлелі. Адам тез ұйқы кезінде түс көреді, демек түн бойына 1,5-2 сағ түс көреді. Түс көру кезінде адам көзі қимылдап, түс көрінісін анықтап қарағандай болады. Соқыр туған адамдардың көзі қозғалмайды.
Ғалымдар түс көрудің ролін мидың ұйқыдағы қалпын оянудан сақтау деген. Түс көру адамның қалыпт психикалық әрекетін сақтау үшін қажет, өйткені түс көру мүмкіндігінен айыоған адамдардың психикасы бұзылады.
Ұйқы гигиенасы. Балалардың ұйқы гигиеналық жағынан алғанда оның, ұзақтылық мөлшерінің маңызы зор. Ұйықтауға дайындалу ұйықтайтын бөлмені желдетуден, таза ауада серуендеуден басталады. Ұйқы алдында тіс тазалау, аяқты жылы сумен жуу, душқа түсу, жатуға ыңғайлы ішкиімдер кию қажет. Ұйықтайтын бөлме температурасы +11С аспауы қажет. Төсек орын жұмсақ та, өте қатты да болмауы керек, өйткені жылы орыннан дененің қысым түсетін жекелеген учаскелерінің қан айналымы бұзылып, бұдан ұйқыдағы адам жиі дөңбекшиді.
Балалар, жас өспірімдер жинамалы, торы өте иілгіш кереуетте ұйықтауға болмайды, омыртқалары қисық бітеді. Ұйықтағанда тік, оң бүйірімен, шалқасынан жату керек, себебі жүректің қалыпты соғуын қамтамасыз етеді. Жатар алдында тамақ ішпеген жөн, 1,5-2 сағат бұрын ішкен жақсы.Ұйқысы қанбаған балалар әсіресе нәрестелер қыңырланады, ал мектеп оқушылары 1-2 сабақтан соң ұмытшақтыққа болып, белсенділігі төмендейді, басы ауырады.
Балалардың ұйықтау ұзақтылығы жас шамасына тәуелді болады: 4-5 жас- 14-13 сағат; 6-7 жас—11,5-12 сағат, 8-9 жас—10,5-11сағ; 10-11 жас—10-10,5сағ; 12 жас—11сағ; 13-15 жас—9,5сағ; 16-18 жас—8,5 сағат.
Ұйқының ұзақтығы азаятын болса, орталық нерв системасының функциялық жағдайына зиянды әсер етеді де, организмде көптеген физиологиялық өзгерістер туғызады.
Балалардың ұйқысыздығы мен ашуланшақтығы. Ұйқының гигиеналық нормаларын бұзғандықтан, олардың қозу, тежелу динамикасы бұзылады-ұйқысыздыққа әкеледі.Мұндай балаларда ашуланшақтық немесе неврастения (нерв жүйелерінің әлсіздігі) п.б. Бұл аурумен ауыратын балалар тез қажиды, жылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет