Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет62/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
ok. fiz. damu - darister

3.Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғаргы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді. Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыс тарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2 әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минөттен басталып, біраздан соң 30-35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет