Сабақ мақсаты Шығармадағы кейіпкерлердің даралық және типтік сипаттарын талдайды. Бағалау критерийлері



бет2/3
Дата06.03.2023
өлшемі165.74 Kb.
#470464
түріСабақ
1   2   3
ҚМЖ1

Тапсырма 2.
1-топ:
1.Шығарма мазмұнын бойынша Ерікке тура және жанама мінездеулер арқылы оның типтік бейне екенін дәлелдеп, интеллект карта түрінде ұсыныңыздар.
2. Еріктің бойындағы өзге кейіпкерлерге ұқсамас жекелік сипат белгілері арқылы даралық сипатына талдау жасаңыздар.
3. Кейіпкердің типтік бейнесінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі жайлы тұжырым жасаңыздар.


2-топ:
1.Шығарма мазмұнын бойынша Тағанға тура және жанама мінездеулер арқылы оның типтік бейне екенін дәлелдеп, интеллект карта түрінде ұсыныңыздар.
2. Тағанның бойындағы өзге кейіпкерлерге ұқсамас жекелік сипат белгілері арқылы даралық сипатына талдау жасаңыздар.
3. Кейіпкердің типтік бейнесінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі жайлы тұжырым жасаңыздар.


3-топ:
1.Шығарма мазмұнын бойынша Нүрке кемпірге тура және жанама мінездеулер арқылы оның типтік бейне екенін дәлелдеп, интеллект карта түрінде ұсыныңыздар.
2. Нүрке кемпірдің бойындағы өзге кейіпкерлерге ұқсамас жекелік сипат белгілері арқылы даралық сипатына талдау жасаңыздар.
3. Кейіпкердің типтік бейнесінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі жайлы тұжырым жасаңыздар.


4-топ:
1.Шығарма мазмұнын бойынша Айнаға тура және жанама мінездеулер арқылы оның типтік бейне екенін дәлелдеп, интеллект карта түрінде ұсыныңыздар.
2. Айнаның бойындағы өзге кейіпкерлерге ұқсамас жекелік сипат белгілері арқылы даралық сипатына талдау жасаңыздар.
3. Кейіпкердің типтік бейнесінің бүгінгі қоғамдағы көрінісі жайлы тұжырым жасаңыздар.


Дескриптор:
-шығармадан кейіпкердің типтік бейне екендігін дәлелдейтін 4-5 дәлел табады;
-анықталған дәлелдемелердің кейіпкер бейнесін ашудағы тура /жанама мінездеулерге жататындығын жіктейді;
-шығармадан кейіпкер бойындағы өзгелерге үқсамас даралық сипатын танытатын 2-3 дәлел табады;
- кейіпкердің типтік бейнесінің бүгінгі замандағы көрінісі туралы 5 сөйлеммен тұжырым жасайды.
Топтар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Өзге топтар өзара бір-бірін «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалайды.


Кері байланыс
Тапсырманы орындауда қандай қиындық туды? Оны қалай шештік?
Қай топтың жұмысы сізге ой салды?
Өз біліміңізді қай жағынан толықтыра алдыңыз?


Бағалау
Оқушылар өз-өзіне бағалау парақтары арқылы бағалау жүргізеді. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет