1-бөлім: Компьютерлік жүйелер және желілер
Тақырып: 1.2. Қоғамдағы интернетке тәуелділік мәселелері
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
6.4.2.1 интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Интернетке тәуелділік және оның түрлерін анықтайды;
Көптеген оқушылар:
Интернетке тәуелділіктің зияндылығын салыстырады;
Кейбір оқушылар:
Интернетке тәуелділіктің адамға әсерін тұжырымдайды.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология:
|
Виртуалды әлем
|
виртуальный мир
|
virtual world
|
Тәуелділік
|
зависимость
|
addiction
|
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
Компьютер пайдаланушылар арасында интернетке тәуелділік-тің қандай себебтері бар?
Жазу:
Интернетке тәуелділік түрлерін жазыңдар
Алдын-ала білімі
Интернеттегі қауіпсіздік 5 сынып.
Жоспар
Сабақтың басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу;
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Жаңа топ құру: оқушылар әлеуметтік желіде жасалатын әрекеттер арқылы топқа бірігеді: пікір, лүпіл, селфи
Өткен сабақты пысықтау үшін «А,В,С» әдісін қолдану. А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
Сабақтың ортасы
35 мин
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою
Интернеттің сенің күнделікті өміріңдегі маңызы қандай?
Тәуліктің қанша уақытын Интенетті пайдалануға жібересің?
Интернетті қандай мақсаттарға пайдаланасың?
Интернетке тәуелділік ұғымы таныс па саған?
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады)
Топтық жұмыс:
Бүгінгі таңда сныпытастарың, құрдастарыңның Интернетті пайда-лануына талдау жасаңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер:
Интернетті қандай мақсатқа жиы қолданады;
Интернетте жұмыс жасауға қанша уақыт жіберіледі.
Жұптық жұмыс:
Интернетке тәулдікті анықтайтын 7-8 сұрақтан құралған сауалнаманы құрастырып, ұсыныңдар.
Жеке жұмыс: «Эссе» әдісі
«Интернетке тәуелді болмау үшін не істеу керек?» тақырыбында өз пікірлерін жазады
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
Ссабақтың соңы
5 мин
«Тәуелділік» сөзіне синквейн жасау
Электронды тест жұмысын орындату.
Рефлексия:
- сабақтағы көңіл күйім қандай болды?
- бүгін қандай ақпарат алдым?
- алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |