Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. 1. Оқылым мәтінінен баяндауыштарды анықтап, жасалу жолы мен құрылысына қарай талдаңдар.
Ерекше қасиеттері үшін қазақ киікті дәріптеп, "киелі жануар","қасиетті аң" деп бағалайды. Ыңғайлы әдемі заттар-ды "киіктің асығындай екен" деп, сұлу жанды "киіктің құралайындай әсем екен" деп суреттейді. "Құралайдың салқыны"- табиғаттың киік лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Көпке араласпай, жеке жүретін, саяқ өмір сүретін жандарды "кісі - киік" деп атайды.
2.Жұптасып,тапсырманы орындаңдар.
"Мен адамзатқа сыйлықпен" тақырыбында жануарлар мен өсімдіктердің бірінің атынан рөлге еніп сөйле. Неліктен адамзатқа сыйлық екендігіңді түсіндір. Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер. Ол сенің қандай аң-құс не өсімдік екеніңді табуы тиіс.
|
А4 парағына жазылған сөздер
|