Сабақтың тақырыбы:
|
Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар
|
Күні:15.01.2019ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Мырзахметова А.
|
Сынып:8 А,Ә
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
8.4.4.2 тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды.
Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Арал теңізі,қоршаған орта, ұйымдар, экология, табиғат, Каспий табиғаты.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыпты талдай алады.
Мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік ел құндылығы: бұл-тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Мектеп құндылығы: жұмыс барысында мәдениеттің дамуына, тілдің мәртебесіне көңіл аударту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тақырыпқа байланысты кейбір ұғымдарды түсіндіру үшін биология пәнімен байланыстыруға болады.
|
Бастапқы білім
|
Биоалуан-түрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.
Синтаксис
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. 1. Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтінде аты аталған ұйымдар қандай қызмет атқарады?
2. Бас әріппен жазылған сөздер - қандай сөздер?
2. Ғибратты сөзді оқып, ой тұжырымдаңдар.
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер,су, ауа- адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашта, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу - басты міндетіміз.
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. 1. Жағдаяттық тапсырманы орындаңдар.
Өзіңді қоршаған ортаны қорғауға байланысты бір ұйымның басшысы ретінде есімхат дайында. Аты - жөніңді жазбай, тек ұйымның атауын, лауазымыңды т.б. көрсетіп, есімхатты қалауыңша безендір. Жүргізуші барлық есімхатты жинап алып,топқа көрсетеді, ал топтағылар есімхаттың кімдікі екенін анықтауы керек.
2. Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1. Көркем әдебиеттен бастауышқа мысалдар тауып, жазыңдар. Ережеде көрсетілген барлық сөз таптарын қамтуға тырысыңдар. Үйірлі бастауышқа өздерің мысал келтіріп көріңдер.
2. "Ғибратты сөзде" берілген дәйексөзді негізге алып, төменгі сынып оқушыларына табиғатты аялау туралы үндеухат жазыңдар. Бастауыштарды тауып, құрамына қарай талдаңдар. Қай сөз таптарынан жасалғанын анықтаңдар.
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|