Бастапқы білім
|
Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пункуация
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап бер.
1. "Туризм-әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы" деген пікірді қалай түсінесіңдер?
2."Туризмді дамыту-ұзақ мерзімді экономикалық тиімді болашақ" деген пікірмен келісесіңдер ме?
3. Қалай ойлайсыңдар шетелдік туристерді елімізге тарту барлық жағынан тиімді ме?
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. Мәтінді оқып, тақырып қойыңдар.
Біздің елімізде туризм дамитын болса, онда көптеген жұмыс орындары-ның ашылуына мүмкіндік туар еді. Туризмнің дамуы мемлекет есебіне кіріс әкеліп, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Шағын ауылдар кентке айналып, қарқынды дамиды. Мәдени орталықтар көбейіп, мәдени құндылықтар қайта жаңғырады. Сондай-ақ ауылшаруашылық тағамдары мен жергілікті халықтың қолөнеріне сұраныс артады. Сұраныс артқан жерде даму болатыны сөзсіз.
Алайда туризмнің кемшіліктері де бар. Кейбір туристер табиғатты таптап, от жаққанды жақсы көреді, ол өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі. Әрі тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаны ластайды.
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|