РАЙЫМБЕРГЕНОВ Әбділхамит/1957 ж.т. /-белгілі өнер зерттеуші, күйші, Құрманғазы атынд. 1-республикалық конкурстың лауреаты /
Сабақты бекіту.
Кері байланыс: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім…”
Үйге тапсырма.
“Қазақ күй өнері” деген тақырыпқа шығарма жазып келу немесе кез келген күйдің шығу тарихын жазып келу.
Бағалау.
|
АКТ, Интернет сайттары, википедия беттері, Қазақ энциклопе-диясы,
жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.
|
Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Күй аңызы»
Мақсаты: Т. Ахтанов жайлы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру.
Тәрбиелік: Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушыларды тұжырымды ой айтуға, саралап таңдауға, іздене білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұғындыру сабағы.
Сабақтың әдісі: салыстыру, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: жазушының суреті, тірек - сызбалар, электронды ооқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Т. Ахтановтың өмірінен мағлұмат беру. Электронды оқулықтан көрсету.
«Аңыз» жайлы электронды оқулықтан тыңдату.
Әңгіменің мазмұнын баяндап беру.
Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Дұға – аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
ІҮ. Шығармаға композициялық талдау жасату.
Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі
Ү. Шығармадағы кейіпкерлердің портреттерін жазу.
Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі
Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік
Жаңыл - жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған
ҮІ. «Әдебиет лотосы»
Автор: Т. Ахтанов
Шығарма аты: «Күй аңызы»
Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана
Оқиға желісі: Ботасы өлген аруана сүт береді, Естемес жолын жас жігітке береді
Немен аяқталады:
Не суреттеледі: Кейіпкерлер бейнесі, нар бейнесі, күй құдіреті
Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы, теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ
Қазіргі заманмен салыстыр
ҮІІ. Қосымша мәлімет беру.
Секен Тұрысбеков: «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады.»
«Көңіл толқыны» күйінің дүниеге келу тарихы: «Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде ойыма келген - тін. Ол кез қасіретке шомып жүрген уақытым еді, Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айрылғанда жазылған дүние болатын. Табиғаттың нөсер жауынынан кейін көлшікке тамған тамшыны ырғақ еттім. Ішкі - сыртқы құбылыстардың, сезімдердің бәрі қабысып келіп, өзінің шешімін тапқандай болды. Алғашында ол өзіме «күй - этюд» сияқты болып көрінді. Іштегі шер жатпайды екен. Ылғи «Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады» деп айтып жүретінмін. Менің аңғарғаным, сенің ішіңнен, жүрегіңнен, жаныңнан шыққан дүние жұрттың да жүрегіне жетеді екен.»
ҮІІІ. Қорытындылау Тест
1. Т. Ахтанов тың ең алғашқы әңгімесі?
А) «Сәуле»
Ә) «Боран»
Б) «Күй аңызы»
2. Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
А) «Әке мен бала»
Ә) «Қаһарлы күндер»
Б) «Дала сыры»
3. «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы
А) Естеместің өмірі
Ә) өнер құдіреті
Б) қыз өмірі
4. «– Апырым - ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Қай кейіпкердің сөзі.
А) Естемес
Ә) Жаңыл
Б) Шал
5. Шығарма немен аяқталды?
А) Естеместің қызды алуы
Ә) Жігітке жолын берді
Б) Нарды идіре алмады.
ҮІІІ. Үйге: оқу, кез келген күйдің шығу тарихын жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |