3.3 Валенттік байланыс әдісі.
Химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырғанда екі әдіс қолданылады. Біріншісі - валенттік байланыс әдісі, екіншісі - молекулалық орбитальдар әдісі.
Валенттік байланыс әдісінің негізгі қағидалары.
1.Коваленттік байланысты спиндері қарама-қарсы болып келетін екі электрон түзеді.
2.Коваленттік байланыс түзілгенде, электрондардың толқындық функциялары бір-бірімен бүркеседі, сондықтан екі атомның арасындағы электрон бұлтының тығыздығы арта түседі. Жүйеніңэнергиясы азаяды.
3.Коваленттік байланыс әрекеттесетін атомдардың электрон бұлттарының көбірек бүркескен жағына қарай бағытталады.
|
3.4 Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі қағидалары:
1. Молекула - біртұтас жүйе, ондағы барлық электрондар сол молекулаға ортақ.
2.Молекуладағы электрон атомдағыдай бір ядроның өрісінде емес, молекула құрамындағы барлық ядролар өрісінде болады.
3. Молекуладағы әрбір электронға молекулалық орбиталь сәйкес келеді.
4.Молекулалық орбитальдарға электрондардың орналасуы орбитальдардың энергиясы өсуіне қарай Паули принципі және Хунд ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |