Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет35/43
Дата21.10.2022
өлшемі496.67 Kb.
#463171
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Жұппен жұмыс- 2-жұмыс
Донор- бұл жұп электроны бар атом, акцептор – бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.
Аммоний ионы мысалында ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы механизммен түзілуінің ерекшелігін түсіндір.




Аяқталуы

(10 минут)



1. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау


2.Қандай элементтер арасында ковалентті байланыс орнайды?
3.Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың айырмашылығын мысалдарда көрсет.
4.Ковалентті полюсті байланыстың мүмкін болатын формулаларын жазыңдар: а) Cl-B, b) H-S, c) C-O, d) N-Br, e) C-F, f) H-I.

    1. Таблицаны үлгіге сәйкес толтыр.:

зат

Байланыс типі

Байланыс саны

Молекула пішіні

Гибридтелу түрі

HCl













NH3













BeCl2













BCl3













CH4













Үй тапсырмасы: ресурс №2





Ресурс №1



Қосымша ақпарат :

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АҚТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.




-





Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Ресурс №2



Топ

Сұрақтарды мазмұны

Сұрақты нақты, толық жауап бергенде алатын балы

Тапсырманы талдау барысында алатын балы

1

№1

Атом, молекула, ионның құрылысына анықтама беріңдер. Ковалентті полюссіз және полюсті байланысқа анықтама бер, мысал келтір.

1.
2.
3.
4.




2

№2

Мына байланыстардың түзілуіне мысалдар келтір δ байланыс , π-байланыстардың түзілуін мына элементтер арасында s-s, s-p,p-p түсіндір.
Ковалентті байланыстың сипаттамасы: байланыс энергиясы мен байланыс ұзындығын түсіндір.

1.
2.
3.
4.




3

№3

Ковалентті байланыстың сипаттамасы: қанығуымен полярлануына, бағытына түсініктеме бер. Мысалдар арқылы түсіндір.
Қандай жағдайда электрон бұлттары гибридтеледі.

1.
2.
3.
4.




4

№4

Параграфты оқы. Су және аммиактың түзілуінде ковалентті донорлы акцепторлы механизмнің түзілуін түсіндір. Комплексті қосылысқа екі мысал келтір, лигандалар саны, комплекс түзуші, кордината санын көрсет.

1.
2.
3.
4.






12Сабақтың тақырыбы: Коваленттік байланыстың қасиеттері. Атом орбитальдарының гибридтенуі молекулалар геометриясы

Күні

Бекітемін

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ковалентті байланыстың қасиеттері, оның маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Берілген химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ковалентті байланыстың негізгі қасиеттері қанығуы, полюстенуі, бағытталуы туралы негізгі ұғымды түсінеді отырып, нақты мысалдармен түсіндіре алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • жаттығуларда қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

  • тақырыптық байланыс жасай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Коваленттік байланыстың қанығуы


Коваленттік байланыстың полюстенуі
Коваленттік байланыстың бағытталуы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

3 гибридтену sр2 гибридтену sр гибридтену

Жазылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу

Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизм бойынша түзілуі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы10 минут

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау.
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру

  • Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамаларына анықтама беріңдер:байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы, қандай ?

  • Аммоний ионы мысалында ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы байланыс механизмінің ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

s және p байланыстың түзілуінің айырмашылығы неде?




Ортасы 15 минут

Берілген тапсырмалар бойынша өз бетінше жұмыс жасайды. Топ арасында талдайды.
1 топ: Кітаптағы мәліметтерді пайдалана отырып мына қосылыстардың қанығуын түсіндір. Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4
2 топ:
Коваленттік байланыстың полюстенуі «Молекуланың полюстігі» мен «байланыстың полюстігі»ұғымының айырмашылығын түсіндір
3 топ:
Коваленттік байланыстың бағытталуы
3 -,sр2- sр- түзілуін нақты мысалдармен түсіндір
Әр топ өз тақырыбын талдайды, басқа топтарға түсіндіреді.






Аяқталуы
10 минут

Ұжымдық жұмыс
54 бет 2 жаттығу.3 жаттығу




Үйге оқылым

2.3 оқу 54 бет 5-10 сұрақтарға жауап ізде




Қосымша ақпарат :

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АҚТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.




-





Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





«Бекітемін»_____________



Сабақ №13 Сутектік химиялық байланыс. 

Мектеп: Б.Қосынов

Күні:

Мұғалім есімі: Карсылиева Х.

Сыныбы: 10

Қатысқандар саны



Қатыспағандар
Саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сутектік байланыс,оның шығуы,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету; Металдық байланыспен берілген заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сутектік байланыс туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:Химиялық байланыстарды бір-бірінен ажырата алады, және ерекшеліктерін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар: Өмірмен байланыстыра отырып сутекті байланысқа мысал келтіре алады.

Алдыңғы оқу




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Сымсыз телефон »тренинг. Оқушылар шеңбер құрып бір-бірінің құлағына сөз айтады.
Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)
А).Металдық байланыс қалай түзіледі?
Ә).Сутектік байланыс пен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
Б). Металдардың физикалық қасиеті қалай түсіндіріледі?
В)Ковалентті байланыстың қандай қасиеттері бар?



Бас бармақпен




Ортасы

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:
Сутектік байланыс – бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот (кейде хлор, күкірт және т.б.) атомы арасында түзілетін ерекше байланыс. Ол көбінесе молекулааралық кейде молекулаішілік болады.
Молекулааралық сутектік байланыс су молекулаларының арасында пайда болады. Судың дипольді молекуласындағы ортақ электрондық жұп сутек атомынан электртерістігі үлкен оттек атомына күштірек ығысқан, сондықтан сутектің оң заряды аз ғана көлемде, яғни протонның өзінде шоғырланған. Түгелдей дерлік «жалаңаштанған» протон кез келген басқа су молекуласындағы оттек атомының бөлінбеген жұбының бұлтына тартылады. Нәтижесінде сутектік байланыс деп аталатын жаңа байланыс түзіледі:

Н Н
Н-----О…..Н----О Н----О------- О


Н Н  Н Н

О
Н
Сызбанұсқадан сутектік байланыстың пайда болуынан судың екі, тіпті үш молекуласы бірігіп, ашық немесе циклді (сақиналы) құрылымдар түзетіні көрініп тұр.
Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның коваленттіе байланыстан шамамен 5-20 еседей, яғни әлдеқайда әлсіз екенін көрсетеді. Алайда осы байланыстың әсерінен су молекулалары ассоциацияланады (бірігеді) әрі сондықтан сұйық күйде болады.
Молекуланың ретті орналасуы қатты мұзға тән. Сұйық суға қарағанда оның құрылымындағы молекулалардың тығыздығы едәуір төмен. Сондықтанда су қатқанда көлемін 9%-ке арттырады және 0°С-тағы судан мұздың тығыздығы аздау болады. 0°С-тағы суға қарағанда мұздың тығыздығының азырақ болуы, тұщы сулы су қоймаларының бетінен бастап қатуына әкеледі. Судың максимал тығыздығы 4°С-қа сай келеді. Суды одан әрі салқындатқанда оның бетіндегі тығыздық мұзға айналғанша азая бастайды, сондықтан жылы сулардың терең қабаттары, сұйық күйінде сақталады, қатпайды. Беткі мұз қабаты астындағы судың жылуын одан әрі жоғалтпай сақтайды, соған орай қыста беті қатып қалған өзендер мен көлдерде тіршілік жалғаса береді.

Сутектік байланыс


молекулааралық молекулаішілік
Сутектік байланыс құрамына сутек және электртерісітігі күшті элементтер, мысалы, фтор, оттек, азот, кейде хлор және күкірт кіретін молекулалардың арасында пайда болады.
Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, сутектік байланыстың әсерінен фторсутек кәдімгі жағдайда су сияқты, сұйық күйде (19,5°С-тан төмен) болады және құрамы: H2F2, H3F3-тен, H6F6-ға дейін біріккен әртүрлі молекулалардан тұрады. Фторсутек молекуласы мен иондар арасындағы берік сутектік байланыс HF2-, H2F3- және т.б. типті тұрақты қышқыл аниондар түзеді. Оларды KHF– калий гидрофториді, NH4HF2 – аммоний гидрофториді сияқты қышқыл тұздардың құрамынан табуға болады.
Судың қайнау (100°С) және қату температурасының (0°С) оттек топшасы элементтерінің сутекті қосылыстарымен (H2S, H2Se, H2Te) салыстырғанда әлдеқайда жоғары екені сутектік баланыстың болуымен түсіндіріледі. Судағы сутектік байланыстарды үзу үшін қосымша энергия жұмсау керек.
Басқа галогенсутектер (HCl, HBr, HI) және сутектік байланыс тән емес халькогенсутектер (H2S, H2Se, H2Te) физикалық және химиялық қсиеттерінің өзгеру сипаты қатаң сақталатын газтектес заттар болып табылады. Бұл топтың екі өкілінің – су және фторсутектің басқалардан күрт айырмашылығы олардың кәдімгі молекулаларының ассоциациялануына (бірігуіне) әкелетін сутектік байланыстың болуымен түсіндіріледі.
Су молекуласымен сутектік байланыстар түзе алатын заттар ғана суда ериді. Мысалы, этанол C2H5OH сияқты заттар суда шексіз ериді, өйткені олардың молекулалары пайда болған ассоциаттағы судың молекулаларын алмастырады, сол кезде этанол мен су молекулалары арасында жаңа сутектік байланыстар түзіледі. Сұйық күйдегі этанол молекуласы да сутектік байланыстардың жүйесі арқылы ассоциацияланған, сондықтан оның қайнау температурасы ассоциацияланбаған сұйықтарға қарағанда жоғары (мысалы, молекулалық массалалары салыстырмалы болатын алкандар).
Сутектік байланыстар белоктардың және басқа биологиялық қосылыстардың молекулаларында кеңінен таралған. Оларда бір молекуладағы екі топ арасында молекулаішілік сутектік байланыстар түзілуі мүмкін. Мысалы, белоктар жалпы формуласы мынадай ұзын тізбектерден тұрады:
>С = О және >N — H топтары полюсті болғандықтан, олардың арасында сутектік байланыс түзілуі мүмкін:
>С = О ... >N — H
Сутектік байланысы бар заттардың молекулалық кристалдық торы болады.
Сутектік байланыс арқылы мыналар түсіндіріледі
 сұйық және қатты сулардың ассоциациясы
 сұйық және қатты сулардың молекулалардың реттеле орналасуы, балқу және қайнау температуралары, еріткіш қабілеттік, химиялық белсендік сияқты оқшау физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер етеді.
 Белоктар мен ДНК. нуклеин қышқылдарының құрылымында молекулаішілік сутектік байланыстар ерекше мәнге ие болады



Шапалақ арқылы

Ватман, түрлі түсті қағаз, интернет желісі

Аяқталуы

Дәптерге жазу.
10-ППР-1 (37бет) №1-6, №1-10 (күшті оқушылар)
№1 (в- периодтарда солдан оңға қарай артады) №2 (а) №3 (в) №4 (а) №5 (а)
№6 (г) №7 (г,в) №8 (б) №9 (а) №10 (б)


Кері байланыс.
Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

Жиынтық бағалау

стикер

Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенуді қалай жоспарлайсыз?
Тақырып бойынша тест

Бағалау:Стикер арқылы бағалау, 3шапалақ, бас бармақпен арқылы Жиынтық бағалау

Пәнаралық байланыс: география

Рефлексия

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіне не білдім?

«Бекітемін»_____________



Сабақ №14 Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі

Мектеп: Б.Қосынов

Күні:

Мұғалім есімі: Карсылиева Х.

Сыныбы: 10

Қатысқандар саны



Қатыспағандар
Саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Атом орбитальдарының гибридтенуі туралы, молекуланың геометриялық формасы туралы түсініктерді қалыптастыру; зат қасиеттерінің молекулаларының кристалдық тор мен химиялық байланыс типіне тәуелділігін, атомдардың өзара әсеріне тәуелділігін, олардың электрондық, кеңістік құрылыстарына тәуелділігін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет