Тыңдалым – сөйлеуші мен тыңдаушы арасында жүзеге асатын үдеріс.
Ауызша айтылғанын ұғыну, түсіну-күрделі психикалық үдеріс.
Оқушылар сөйлеушіні алдымен сөздерді қабылдау арқылы ұғына
бастайды. Ол үшін оқушылардың фонетикалық есту қабілеті болуы
қажет. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында тыңдау үнемі оқумен
ұштасып отырады. Себебі сөз, сөйлем немесе мәтін тыңдалып қана
қомай, жазбаша нұсқасы бойынша естігенінің жазылуын бақылап,
салыстырып отырғанда ғана тиімді болмақ. Тыңдау дағдысын
қалыптастыруға арналған жаттығулар ішінде мәтіндердің алатын
орны ерекше. Олардың мазмұнының тәрбиелік мәні биік, оқушылар-
дың жас ерекшелігіне сәйкес құрылуы керек, оқушыларды қызықты-
ратындай, танымын арттыратындай қызықты ақпаратқа қанық болуы
қажет, ол жатық тілмен баяндалып 3-4 минутке созылуы тиіс. Ды-
быстық мәтінді түсінгенін тексеру бағдарламалық түріндегі сұрақтар
бойынша жүзеге асады. Мәселен, 1) мәтіннің негізгі мазмұны
бойынша дұрыс және қате жауаптар беріп,дұрысын тапқызу; 2) 3-4
сөйлемдер беріп, соның ішінен мәтінге қатысты сөйлемді тапқызу,
16
сонымен қаса сұраққа жауып алу, жоспар жасау, мазмұнын баяндап
беру.
Келесі сөйлеу әрекетінің репродуктивті түрі – оқылым. Оқуға
үйретудің мақсаты - жазбаша берген хабарламаның, оқиғаның
мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасау. Оқу ой әрекеті болғандықтан,
балалардың жалпы ойлау қабілетін дамытады. Мектепте сөйлеу
әрекетінің бұл түрі жиі жүргізіледі. Сондықтан мұғалім оқушылар-
дың дара, жас ерекшелігіне сай оқу мәтіндерін таңдай білуі қажет.
Олар тәрбиелік жағынан құнды болумен қатар, сол елдің мәдениет,
әдебиет, тұрмысын, тарихын қамту қажет, ғылыми-көпшілік
тақырыптар да көптеп алынуы керек.
Келесі сөйлеу әрекетінің өнімді түрлері – жазылым, айтылым.
Жазу психологтардың айтуы бойынша, хабар берудің күрделі іс-
әрекет түріне жатады. Жазба дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі
жазба жұмыстарының алатын орны ерекше. Олардың қатарына
әртүрлі диктант түрлері, күрделі тақырыптардан соң алынатын
бақылау жұмыстары, тақырыптық, оқиғалы суреттер мен диафильм
мазмұндарына құрылған сұрақтарға, перфокартолар мен карточка-
ларға берілген жазбаша жауаптар, мазмұндама және оқушылардың
өміріне етене таныс тақырыптарға шығарма жазу жатады.
Айтылым – адам әрекетінің бір түрі ретінде ең жиі қолданы-
латын түрі. Оңың екі түріне үйрену қажет: монологті және диалогті
айтылым. Монологті сөйлеуде көбіне мәтіннің мазмұнын айтып
берумен шектеліп жүр. Бұл оқушылардың дайын мазмұнды жаттап
айтып беруіне төселдіреді. Сондықтан мұғалім сабақта сөйлеу
модульдерін беру арқылы сөйлетуге даярлау қажет. Олар: сөйлем
құрату, ой-пікірін айтқызу, сурет, диафильм т.б. бойынша сөйлеу.
Екінші түрі диалогтік сөйлеу, кем дегенде, екі о адам арасында
жүзеге асады. Оқушылар өтініш айтуға, бұйрық беруге, кешірім
сұрауға, сұраққа жауап беруге, жауап алуға т.б. үйренеді. Диологке
үйретуде рөлдік ойындардың, сөзжұмбақтардың, сахналық көріністер
ұйымдастырудың, диологтер құрастырудың орны ерекше. Сонымен,
мұғалімнің сабақта оқу үрдісінде сөйлеу әрекетінің түрлері
тыңдалым, оқылым,жазылым, сөйлесімге үйренудің психологиялық
ерекшеліктерін білуі оқытудың тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Сөйлеу әрекеті сөйлеу тетіктері арқылы жүзеге асады.
Солардың негізгілерінің бірі – жады. Жады – күрделі психикалық
процесс. Оған есте қалдыру және жаңғырту кіреді. Жадының тұрақты
және оперативті түрі бар. Тұрақты жадының ішкі мазмұнының
17
кеңеюі тілді игерудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшелігі мен біліміне сәйкес тілдің лексика-
грамматикалық минимумын меңгеруі бастапқы кезде тұрақты
жадының ауқымы тар болғандықтан, сабақты сапалы өткен жағдайда
бірте-бірте кеңее түседі. Ал бұл сөйлеу әрекетінің түрлерін, яғни
сөйлеу, жазу,оқу, тыңдау дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік
береді. Жадының есте қалдыру, жаңғырту сияқты түрлері бар. Есте
қалдыру мұғалімнің оқушылар алдына мақсат, талап қоюына
байланысты. Психологиялық әдебиеттерде психологиялық үдерістің
бірі – білімді жаңғырту араға уақыт салып қайталатқанда ғана есте
сақталуы ұзақ болады делінген.Оқушылардың қазақ тілінің сөз
байлығы мен грамматикалық құрылысын меңгеруде жаңғыртудың
маңызы зор. Білімді жаңғырту – адам ойлауындағы өте белсенді
әрекет. Сабақта оны жүйелі түрде қолдану сөйлеуге үйретуге жаңа
мүмкіндіктер ашады. Мәселен, оқу бағдарламасы бойынша зат есімге
берілген тақырыптар қамтылған соң, қайталау қажеттігі туындайды.
Бұл сабақта мұғалімнің сөйлеуге ең қажетті лексикалық, граммати-
калық білімді қамту мақсатында даярлаған сұрақтары, жүргізілетін
жұмыстарының сапасына үлкен мән беруді қажет етеді.
Қазақ тілі сабағында оқытудың нәтижелігі оқушылардың дара
ерекшеліктерімен санасуға да байланысты. Себебі, холерик типтес
оқушылар берілген тапсырманы шапшаң, белсенді орындаса,
меланхолик баяу, сылбыр орындайды. Жаттығу мазмұны бір болған
жағдайда 1-типтес бала тез орындап тастап, 2-типтес баланың
тапсырмасы орындауына кедергі жасайтын жағдайлар жиі кездеседі.
Əрине, «шапшаң» және «сылбыр» оқушының бұл ерекшелік-
терін айтқанда, бірінің дарынды, бірінің дарынсыз екендігі деген
түсінік тумауы керек. Себебі шапшаң баланың өзі тапсырманы
сапасыз, ал «сылбыр» жай орындаса да, дұрыс орындайтыны
тәжірибеде анықталды. Мұғалім оқушылардың осындай психикалық
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың іс-әрекеттеріне кезінде
бақылау жасап, басқа оқу жұмыстарына жұмылдырып отыруы қажет.
Сонымен бірге оқушылардың өзі бетімен жұмыс істеуі оқудың
сараландыру (дифференциациялық) негізін жүзеге асырады. Сабақта
оқушылардың психикалық ерекшелігін, оның тілге қызығушылығы
мен сол пәннен білім деңгейін ескеру оқушылардың жеке дара
ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Бұл сабақтың тиімділігін
арттырады, себебі оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігі, әр
оқушыға өзіне лайық, қиындығы әр дәрежедегі жаттығуларды
18
орындауға жағдай жасалады, оның танымын қанағаттандырады,
ойлау қабілетін дамытады.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтарында тілді оқыту
үрдісіпсихологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты
бірнеше сатыдан тұрады:
1.Тілдік материалдың әртүрлі элементтерін игерту сатысы.
2.Тілдік материалды практикалық жаттығуларды орындауға
пайдалануға үйрету сатысы.
3.Алған білім, дағдыларын әртүрлі «өмірлік» жағдаяттарда
қолдана білуге үйрету сатысы.
Бірінші кезеңге оқушының оқу материалына байланысты
сөйлеуге байланысты сөйлеуге қажетті лингвистикалық универсалды
меңгеруі жатады. Бұл сол сабақтың мазмұнына сәйкес не лексикалық,
не грамматикалық жағының біреуін басымырақ қамтуы мүмкін. Бұл
кезеңде теориялық мәлімет пен практикалық жаттығудың ара
салмағы тең болады.
2- кезең – практикалық жұмыстарды орындау барысында соған
қажетті тілдік универсалды қолдана білуге үйрену, дағдылану. Бұл
кезде оқушы тәжірибелік жаттығулар орындау барысында әлі де
теориялық мәліметтерге сүйенеді.
Екінші кезең – оқушының дағдысын қалыптастырудың алғашқы
сатысы іспеттес.
Үшінші кезеңде оқушылар практикалық жұмыстар арқылы
дағдының автоматтандыру дәрежесіне көтерілуі қажет. Бұл табиғи
қарым-қатынас ортасында адамдармен сөйлесуі немесе жасанды
ситуациялық
жағдайларды
әртүрлі
қатысымдық
бағыттағы
жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Бұл – оқушылардың жас
ерекшеліктеріне лайық сөйлеуді игерудің жоғарғы сатысы тілдік-
қатысымдық құзыреттілік қалыптастыру кезеңі.
Сонымен, әрбір сабақта қазақ тілін үйретудің психологиялық
талаптарын орындау оқытудың тиімділігін арттырушы күш болып
табылады. Тіл меңгертудің уәждерін анықтау, сөйлеу әрекетінің
өнімді түрлерін бір-бірімен тығыз байланыстыра меңгерудің
психофизиологиялық жолдарын белгілеу, қабылдау, дағды, ес-жады,
оқушылардың дара ерекшелігі, темперамент сияқты психикалық
процестердің ерекшеліктерін білу –қазақ тілі пәнінен сабақ беретін
мұғалімдер үшін аса маңызды мәселелер.
|