24
Белсенді оқытуды тиімді ҧйымдастырудың әдістемелік
шарттарын тӛмендегідей анықтауға болады:
1) оқу мақсатын диагностикалық тұрғыдан дәл анықтау: білім,
іскерлік, дағды, білікті үздік бағалау жүйесін жетілдіру: критериалды
(мазмұндық, әрекеттік) тестілік жүйе, сөйлеу әрекетінің (тыңдалым,
жазылым, оқылым, айтылым) түрлері бойынша бақылау;
2) тұрақты оқу уәждемесін қалыптастыру: оқу материалының
қызықтығы, шынайы оқушы өмірмен байланыстығы;
3) педагогикалық ынтымақтастық орнату – оқу субъектілерінің
бір-біріне сенімділігі, өзара көмегі;
4) оқу тапсырмаларының оқушының ақыл-ой, танымдық
белсенділігін арттыруға мол мүмкіндігі:
проблемаға, пікірталасқа,
эвристикаға, өзара жарысқа .б. белсенді оқу әрекеттеріне құрылуы;
5) даралық сипат алу: оқушының психологиялық және дара
ерекшеліктерін ескеруге құрылған деңгейлік тапсырмалардың
репродуктивтік деңгейден шығармашылық деңгейге көтерілуі,
рефлексиялық басқаруға көшу;
6) үйлесімділік,топтық, ұжымдық бірлескен әрекетке құрылуы.
Жаңа білім беру бағдарламасы негізінде«Əдістемелік нұсқауда»
қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық
әдіс-тәсілдерден
төмендегілерді көрсетеді:
«1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру
әдістері:
- Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту,топтық
оқыту, бірлесе оқыту);
- Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, танысты-
рылым);
- Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау,
қолмен
түрлі бұйымдар (постер,кластер, буклет) жасау;
- Репродуктивтік әдістер;
- Проблемалық-ізденушілік әдістер;
- Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз
бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру
әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік
бақылау жасату әдістері.
Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасын-
дағы барлық пәндердіоқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және
25
басқару, мәліметтер
және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету,
түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын
жетілдіре және бағалай отырып, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану дағдыларын дамытады. «Қазақ тілі»
бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану төмендегідей көрініс табады:
- онлайн сабақтар арқылы инновациялық
әдістер мен ақпарат-
тық технологиялардықолданады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы таныс-
тырылымдар жасайды,салыстырады, жетілдіреді, зерттейді, баға-
лайды және бірлесе отырып, өз пікірлерін дәлелдейді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қажетті
ақпаратты таңдай алады» [1, 20-21].
Аталған әдіс-тәсілдерді оқыту мақсаттарына сай тиімді қолдану
оқушылардыің білім сапасын арттырудың
басты алғышарттары
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: