Сабақ Өлшеу жұмыстарының материалдарын өндеу



бет2/4
Дата18.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457153
түріСабақ
1   2   3   4
презентация

Күнделікті су деңгейі
  • 2020 жыл
  • Аса өзені Маймақ пункті
  • Постының графиктік нол белгісі 817,60м абс.
      • «Күнделікті су деңгейі» (КСД) жылдық кестесін құрастыру
    • Өзендегі су деңгейінйң құбылуы су өтіміне, арнаны су өсімдіктерінің басуына, арна түрінің өзгеруіне, жел және мұздың әсеріне байланысты. Шартты түрде қабылданған жазықтықтан белгілі бір биіктікке орналасқан су бетінің орнын су деңгейі деп атайды. Су деңгейін өлшеу жүйелі түрде жүргізілетін болғандықтан, шартты жазықтықты су деңгейінің ең төменгі орнынан 1,5м төмен қабылдайды. Бұл жазықтық есептеу нолі немесе су өлшеуіш постының графиктік нолі деп аталады. Өзендердегі су деңгейін тәулігіне екі рет (сағат 8-де және 20-де) өлшейді. Су тасу және тасқын кезінде тасқын сипатына қарай қосымша әрбір 2, 4 немесе 6 сағат сайын өлшейді. Су деңгейін өлшеуге арналған орынды су өлшеуіш пост деп атайды.
    • «Күнделікті су деңгейі» жылдық кестесін құрастыру үшін сәйкес келетін гидрологиялық жылнамадан стандарт бланкіге жазып алу керек:
    • орташа тәуліктік, ал жеке бақылауларда постының графиктік нолі үстіндегі бақыланған деңгейді;
    • жеке айлардағы орташа, ең жоғарғы және ең төменгі деңгейлерді;
    • 1-суретке сай мұз режимі құбылысының шартты белгілерін, сондай-ақ пост жармасында орын алатын басқа да құбылыстарды (су деңгейі мағынасының оң жақ қатарына).
    • Деңгей амплитудасы, м
    • 1м-ге дейін
    • 1-2м
    • 2-5м
    • 5-10м
    • 10м-ден жоғары
    • Масштаб
    • 1:5
    • 1:10
    • 1:20
    • 1:50
    • 1:100
    • Жыл бойғы орташа тәуліктік су деңгейлерінің тербеліс графигін тұрғызу
    • Су деңгейлерінің тербеліс графигі А3 форматты мм қағазға тұрғызылады (1-сурет). Горизонталь масштабты (уақыт осі) 1мм-де 1 тәулік деп, ал вертикаль масштабты (деңгейлер осі) деңгейлердің жылдық амплитудасына, яғни Нмак және Нмин арасындағы айырмасына байланысты, келесі кестеден қабылдаймыз.
    • Мұздың режим фазасы, деңгей графигінің жоғары тұсына 2 суретте көрсетілген шартты белгілерге сәйкес ені 4мм жеке жолақ түрінде белгіленеді.
    • Графикте өзен атауы мен пункті, гидрологиялық пост қайда орналасқаны көрсетіледі.
    • 1 - шарбымұз; 2 - кемермұз; 3 - кемерлік шарбымұз; 4 - сирек анжыр жүру; 5 - анжыр жүру; 6 - сирек сең жүру; 7 - сең жүру; 8 - жыл-жымайтын мұз жамылғысы; 9 - судың мұз үстімен жүруі; 10 - кемерсу мен мүз көтерілді; 11 - анжыр кептемесінің немесе мүз кептелудің датасы; 12 - мұз жылжуының датасы.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет