Сабақтың басы
1 минут
2 минут
7 минут
1 минут
|
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау.
Оқушының әрекеті: Сыныптасымен дәптерлерін алмастырып мұғалімнің берген дұрыс жауабымен тексереді.
Бағалау:Бір-бірін бағалау
Бағалау критерийі:
- Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша жіктеді;
-Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырды;
- Ондық бөлшектерді натурал сандарға айналдырды;
- Натурал сандарды салыстыра біледі, нәтижесін ондық бөлшектерді салыстыруда қолданды;
- Жауаптарын дұрыс жазды;
-Жауаптарын негіздей алады.
3. Сыныптасының ауызша тапсырмасы.
Жұмыстың мақсаты: Тапсырма құрастыру оқушылардың алғын білімдерін жүйелеуге, сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.
Оқушының әрекеті: Әр оқушы сыныптасына 1-2тапсырма береді, оны оқушылар ауызша орындайды. Дұрыс жауаптарына ұпайдан жинап отырады.
4. Жұпқа бөлу. Сегіту сәті.
Жұмыстың мақсаты: Тақырыпты жете түсінген оқушымен әлі де тақырыпты меңгеруде олқылық жіберетін оқушылар жұптасып, сынып оқушыларының тақырыпты толық меңгеруін ұйымдастару.
Оқушының әрекеті: Оқушылар ортаға шығып, жинаған ұпайлары бойынша бір қатарға тұрады. Ең көп ұпай жинаған оқушымен ең төмен жинаған оқушы жұптасады, т.с.с. жұптарын табады.
|
|