Сабақ Өткізу әдісі: түсіндіру,көрнекілікпен көрсету


Тыныс алу жиілігін есептеу



бет4/14
Дата30.09.2022
өлшемі213.64 Kb.
#461714
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
темы ОСД

Тыныс алу жиілігін есептеу
Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қалапсапты.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

  4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.

  5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

  6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

  7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

  8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.

Ескерту:

  1. дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

  2. 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

  3. дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

  4. тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;

  5. дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

  6. Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

  7. Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет