Жағдаяттық есептер:
1. Мейірбике ауыр жағдайдағы науқастың қасына барып оның тыныс алу жиілігін науқасқа білдіре отырып санады және де оның бір минуттай әдеттегідей демалу қажеттігін айтты. Мейірбикенің тактикасын бағалаңыз.
2. Науқастың екі қолына да гипс қойылған. Тамыр соғуын білезік артериясында анықтап болмайтын жағдай. Мұндай жағдайда науқастың тамыр соғуын қалай анықтайды.
3. Науқастың тамыр соғуын санау кезінде, мейірбике науқастың ырғақсыз тамыр соғуын анықтады. Мұндай жағдайда пульсті қалай дұрыс анықтап температура парағын жазу керек. Тамыр соғуын анықтау үшін қанша уақыт қажет.
4. Мейірбике науқастың қан қысымын –өшеу кезінде тонды есітпеді. Манжеттен ауаны шығармастан 10 секунд өткеннен кейін мейірбике қан қысымын қайта өлшеді. Және де тондарды естімеді. Үшінші рет қайта өлшегенде тондарды есітті. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
1.№12 Cабақтың тақырыбы: Қарапайым физиотерапия.
2.Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
3.Өткізу әдісі: түсіндіру,көрнекілікпен көрсету
4. Сабақтың мақсаты:
4.1.Білімділік: білім алушыларға қарапайым физиотерапияның түрлерін үйрету.
Білім алушы меңгеру қажет:
-мейірбике ісі білімін қарапайым физиотерапиялық шараларды жүргізуді пайдалануды;
-қарым-қатынас дағдаларын пайдалануды;
-техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды;
-қыша қағазын қоюды;
-мұзды мұйықты және жылытқышты қоюды;
емшараға науқасты дайындауды;
- компресстерді қою іс-әрекеттерін;
4.2. Тәрбиелік: білім алушыларға қыша қағаз, оңқа кезіндегі этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
4.3 .Дамытушылық: білім алушыларға қарапайым физиотерапияның жүргізуге клиникалық ойды дамыту.
5.Пәнаралық байланыс - Фармакология, физиология
6.Пәнішілік байланыс - Пациенттің жеке басының тазалығы. Тері күтімі.
7.Сабақтың уақыты:-270 мин
8.Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: Жылытқыш, мұзды мұйық, 40% глюкоза, спирт,қыша қағаздары, оңқалар таза лотоктар, презентация
Достарыңызбен бөлісу: |