Сабақтың ортасы
4-10 минут
11-21 минут
22-29 минут
30-36 минут
|
Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы туралы ролик көрсетемін.
1-тапсырма. Топтарға тапсырма (Т) «Сұрақтары бар қорап» әдісі
Тұжырымдамалық кесте мәтіндер бойынша әр топқа мәтін беріледі
Оқушылар бес немесе алты адамнан құралған топтарға бөлініп жұмыс істейді. Әр топта флипчартқа арналған қағаз бен маркер беріледі. Оқушылар Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білетінін көрсету үшін тұжырымдамалық карта жасайды.
Топтарға сұрақтар:
1-топ . Әбу Насыр Әл –Фараби қай қалада дүниеге келген? Ол қандай болған? Сипаттап жаз
2-топ. Әбу Насыр Әл-Фараби қай тілде оқыды? Қай қалада білім алды?
3-топ. Әл Фараби қандай ғылымдарды зерттеген. Өмірін неге арнады?
4-топ Әбу Насыр Әл Фараби қандай тілдерді білген?
Ол кімнің ізін қуған? Және қандай атаққа ие болған?
5-топ Әбу Насыр Әл Фараби қандай еңбектері бар?
Тұжырымдамалық карталар жасалып болған соң, әр топтың мүшесі өздерінің жұмысын таныстырады.
Әбу Насыр
әл-Фараби
Дескриптор Білім алушы
-Мәтіндердің мазмұнымен танысады, идеясын анықтайды.
-Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдамалық кесте жасайды.
Бағалау Топтар бір-бірін бағалауы керек
Қосымша мәлімет: Әбу Насыр әл- Фараби- Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен. Әл- Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. Грекше, латынша білген. Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.
Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
|