Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
2 - тапсырма Аңызды түсініп оқы (Ө, Т, МК) «Шеңбердегі әңгіме» әдісімен «Сағыныш сазы» аңызын түсініп оқиды, шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтауда пікірлерге сүйенеді.
- шығарма аңызға жататынын дәлелдейді. (аңыз дегеніміз не? анықтамасын айтады);
- жанрлық ерекшелігін түсіндіреді;
. Аңыз мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Әл-Фараби өлең жазды, сонымен қатар бос уақытында немен айналысты?
Бақшаны суреттеп бер.
Ол бақшада жатып жазған өлеңін неше жасында жазды және ол қандай сезімнен туды?
Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Аңыздағы бақшаны көркем - бейнелі сөздерді қолдана отырып өз сөзімен суреттеп айтады.
Дәптермен жұмыс Сөздік: Шаһар – қала
Ынтызарлық – сағынып
Үрмет – атақ, баңқ, құрмет.
Шайып – түркі халықтарында суырыпсалма ақын
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
3-тапсырма (ЖЖ, ОТ) «Суреттеу» әдісіне сүйеніп оқушылар аңыздағы бақша суреттелген бөлікті тауып оқиды.
Бақша суреттелген бөлік: Бақшадағы хауыз жанында, бағдат кілем төселген кілемше үстінде құс жастықты шынтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұр.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.