Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар. Тақырыбы: «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері» Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата07.06.2022
өлшемі25.97 Kb.
#459036
түріСабақ
  1   2   3   4
2. Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар. Нұсқа 1


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.5
тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
6.2.2.6
теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:

  • санды теңсіздіктер анықтамасын біледі;

  • тура санды теңсіздіктер анықтамасын біледі;

  • санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі;

  • тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады;

Сабақ барысы.


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Cынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. Қателері болса айтып, тақта да немесе орындарынан орындайды. Өткен сабақтан қайталау сұрақтарын презентация бойынша беріледі.
С-1: Санды теңсіздік дегеніміз не? Мысал келтір
С-2: Санды теңсіздіктің 1-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-3: Санды теңсіздіктің 2-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-4: Санды теңсіздіктің 3-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-5: Санды теңсіздіктің 4-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-6: Санды сіз 5-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-7: Санды теңсіздіктің 6-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір.
С-6: Қатаң емес теңсіздіктің қатаң теңсіздіктен айырмашылығы неде? мысал келтір.
Оқушылар өткен сабақтың сұрақтарына жауап бере отырып, мысалдармен толықтай түсіндіреді. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды ауызша немесе смайликтермен мадақтайды.
Сыныпта топтық жұмысын ұйымдастыру, ол не үшін керек:
Топтағы жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы – әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады. Жоспарланған жұмыстың нәтижелі қорытындысында мақсатты түрде жүргізілген әңгімеге, көзделген дүниені талқылауға тікелей байланысты. Себебі, оқушылардың өзара әңгімелесуі, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылмай еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым –қатынастың артуына, топтық жұмыстың жандануына оң әсерін тигізеді.
Сыныпты 4 топқа қиындылары бойынша бөлу, қиындылардан сурет құрастыру. Әр топқа өткен сабақ бойынша тапсырмалар беріледі. Топтық жұмыста оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасайды. Түсінбеген оқушылар болса, оларға да тапсырмалардың шығу жолдарын қабілеті жоғары оқушылар түсіндіреді, яғни өзара көмек ұйымдастырылады. Топта бос отыратын оқушы болмайды, барлығы бірдей жұмыс жасап жұмыстанады. Топтық жұмысты орындап болғаннан соң әр топ мүшелері тақатада тапсырмаларын орындап көрсетеді, ал қалған топтар орындарынан жазады және топтар бірін-бірі бағалайды. Тапсырмалары бірдей топтар жұмыс уақыты аяқталғаннан соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді және бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет