Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.74 Mb.
#20272
1   2   3   4   5   6

1.Конституциялық құқық.


2.Буржуазияшыл құқықтың екі негізгі жүйесі.

3.Буржуазияшыл азаматтық құқықтың дамыуы.

4.Буржуазияшыл қылмыстық құқықтың дамуы.
1
Буржуазияшыл құқықтың тарихы Рим құқығы рецепцияларынан, Италиядағы қалалық құқық нормаларынан, Англиядағы “әділеттік соттар” пайда болуынан басталады.

Европалық коституциялардың көпшілігі Англия мен Францияның тәжрибесінде сыналған институттарды қамтиды: король, екі палата, “халықтың” сайлауда қатысу құқығы, Министрлер кабинетінің төменгі палата алдында жауаптылығы, судьялар ауыспаушылығы, жоғарғы палаталар барлық жерде корольмен тағайындалатыны немесе мұралық мүшелерден құралатыны. Жоғарғы палаталардың үстемдігі әдетке (кіреді) айналады.

Дегенмен, парламенттің ролі төмендеу тенденциясын айтып та өту керек.

Бұның себептері келесіде: 1. министрлер кабинетінің күшеюі, парламенттер “орындаушы” машиналарға айналуы. 2. Парламент өзінің заң өткізу қабілеттігін жоғалтуы: дауыс беру кезінде шешуші дауыс беретін көпшіліктің өкілі жарыс сөзді аяқтау туралы ұсыныс кіріткеннен кейін, заң жобасының талқылауы басталмай, немесе дереу аяқталып, палата дауыс беруге өтеді. Ал шешімі белгілі: заң өткізілмейді. Үкіметтер парламенттен тыс қаулы шығаратын құқыққа ие болды. Осының барлығы депутаттардың парламенттік жарыссөздерге немқұрайдылықпен қарауына әкеп соғады, уақытының көбін депутат мәжіліс залдан тыс өткізеді: әңгімемен, тамақтанумен. Өздерінің кәсіптік білімдері, тәжрібесі арқасында үкіметтің жоғарғы мекемелеріндегі шінеуніктер тапсырылған саламен көбінше аз таныс министрлерді өздеріне бағындырып алады. Ал әрекет жасамақшы болған министр инстанциялардың және жауапкершіліктен қашқандардың көпшілік болғанына байланысты, шабандық пен созылушылыққа шарасыз кездеседі. Сайлау жуйесінде сөзсіз мүліктік ценз талабы 1 орында тұрады.


2
1.Англияда құқықтың дамуы ескі феодалдық құқықтарды жаңа буржуазияшыл қатынастарға лайықтандыру жолымен кеткен еді.

Қәзірге дейін қолданып жатқан біртұтас прецеденттік құқық пайда болды. Оны қолдану тәртібі келесі ережелерге негізделеді:

- жоғарғы сот шешімдері төмендегі соттар үшін міндетті ;

-бір инстанциялы соттар өзара көп айырмашылығы бар шешімдерді шығаруға жол берілмейді;

-жоғарғы соттар төменгі соттардың шешімдері мен байлаулы емес.

Бұл жүйе өзінің консервативтілігіне қарамай, үлкен артықшылыққа ие: судьяларға шешім шығаратын кезде кең ыхтиярлық мүмкіндігін беріп, құқық қолдануын иілгіш етті.

2 Француз буржуазияшыл революциясы ескі феодалдық құқықты түбінен бұзды. Бұның мақсаты француз деревнясында феодалдық қатнастарды бұзу, цехтар мен гильдияларды жою, сауда мен өндіріс алдындағы бөгеттерді алып тастау еді. Әсіресе ескі қылмыстық құқық жүйесі өзгертілді. 1781 жылы құрылтай жиналысымен қабылданған қылмыстық кодекс келесі принцптерге негізделген еді: қылмыстық заң адамгершілікті болуы тиіс; заңда көрсетілмеген қылмыс жоқ; жаза қылмысқа сәйкес және анық белгіленуі тиіс; өлім жазасын қолдану жағдайлардың санын кемейту; дене мүшесін зақымдаушылықты алып тастау.

Сот және сот ісін жүргізуде де өзгерістер көп болды: присяжнойлар соты енгізілді, айыптаушы нысанда өткізілетін процесс жарыссөз (состязательный) процеспен ауыстырылды, айыпсыздық презумпциясы т.б. кіргізілді.

1804 жылы Наполеон өзінің азаматтық кодексін әрекетке енгізді. Өзінің үш бөлігінде ол тұлға, заттар, міндеттер жөніндегі біржуазияшыл Францияның мүліктік қатынастары жөнге салынатын нормалардан тұрды. Негізінде ол Рим құқығы мен франциялық жай құқықтардан ( күтюмдерден) құралды.

Кодекстің анық тілі, кемел заңды терминологиясы оны замандас кодекстерден жоғары болуына, азаматтардың теңдігін мойындағаны үшін дүниенің барлық жағындағы азаматтық құқық жиынтықтары негізінде жатуын белгіледі.

1808 жылы қылмыстық – іс-жургізу, ал 1810 жылы- қылмыстық кодекстер енгізілді. Оларды Ф.Энгельс “буржуазияшыл қылмыстық құқығының классикалық үлгісі” деп есептеген.
3
Меншік құқығы Наполеон кодексінде келесі көріністе анықталған: меншік бұл заттарға иелену және қарау құқығы (қарау- бұл заттың тағдыдрын шешуге- сатуға, жоюға, кепілдік беруге- құқылы болу).

Заттар қозғалмалы және қозғалмайтындарға бөлінген.

Меншік құқығы тек басқа ие мүдделеріне зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салған. Мысалы: көршісіне зиян алып келетін құрылыс жасауға (өзеннің төменгі ағысында диірмен алдынан плотина құруға).

Франциялық кодексте бітімдер қатаң орындалуы талап етілген (соғыс, опат, қарыз кейінге қалдырылуын мүмкін етсе де одан толық босатпайтын болған).

Англия құқығы да дәл осы принципты қолдайды (17 ғасыр орталарынан бастап).

1804 жылы кодекспен ақсүйектік неке принципы орналасып (шіркеу некесі қажетті емес деп танылып), отбасының басы еркек боп қалады. Некені кейбір ерекше жағдайларда бұзу рұқсат етілетін болған (зинақорлық болған жағдайда, мысалы).

Әке өзінің балаларын материалдық жағдайына сай бағады. Некесіз туған балалар анасына алимент төлейтін етіледі. Англия құқығында некесіз туған балаларды асырап алу мойындалмаған.

Наполеон кодексі бойынша заңды мұрагерлер ретінде барлығынан бұрын балалар, немерелер тән алынады. Тек олар болмаған жағдайда ғана жанама туыстар (аға-іні, қарындастар) тән алынады.


4
Генералдық штаттар депуттары алдына 1789 жылы қойылған мәселердің бірі қылмыстық құқық реформасы еді. Реформа келесі мәселелерді шешіуі керек еді: барлық азаматтар қылмыстық заң алдында теңдігін, жаза шаралардың жеңілдетілуін, жаза қылмыскердің жақындарына, отбасына таратылмауын, жазалардың анық белгіленуін. Бүл талаптарды Қүрылтай жиналысы 1791 жылы кодексінде шешпекші болды. Сонымен кодекс судьялардың ықтиярлығын заңның анық көрсетпесімен шектеп, өлім жазасын азап көрсетумен орындауды жойды.


Лекция №20. Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы буржуазиялық демократиялар.
Жоспар:


  1. Соғыстан кейінгі дүние.

  2. Капиталистік мемлекеттердегі демократиялық реформалар.

  3. Колониялар мен тәуелді мемлекеттердегі ұлттық- азаттық қозғалыстар.

1
Бұрынғы оқулықтарда біз бастап жатқан бөлік <<капитализмның жалпы дағдарыс дәуірі>> деп аталып, өлімге душар болатын буржуазия әлеуметтік-экономикалық формациясының соңғы сатысы ретінде сипатталатын еді.

Ал енді ХХІ ғасырдың келешегі туралы тартысуларды қойын, біздер толық негізді түрде, жұмысшылар мен шаруалардың өз тіршілік тілектерінің жүзеге асуы әлеуметтік ревалюцияның, пролетариат диктатурасы жолымен ғана емес, бәлкім Э. Бернштейн жазғандай: демократиялық сайлау, парламент, сөз және баспасөз бостандықтары, кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы коллективтіқ бітімдер арқылы жетуі тиіс деуіміз мүмкін.

Өткен ғасырда ғана оншалық сенімсіздікпен тілге алынған құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру дүниенің жетекші индустриальдық Құрама Штат, Англия, Франция, Германия, Швейцария, Испанияларда, бүкіл Скандинавиялық елдерде мақсат ретінде тән алынды.

Солай болғаннан кейін, парламентаризм дағдарысы туралы әңгімелер әрине тоқтатылу керек.

Дегенмен, 1917 жылы 7 ноябрде Россияда болған Октябрь төңкерісі дүниелік тарихқа әсері өте күшті болды.

Оның әсерімен Германияда революция жеңіп, монархия құлатылды. Социал– демократиялық үкімет, Коммунистік партия құру, буржуазияшыл Құрылтай жиналысы, Веймарлық кониституциясын қабылдау жолдарымен Германияда 1919 жылы 14 жыл өмір сүрген буржуазияшыл парламенттік, президентпен басқарылатын республика құрылған еді. Нәтижеде помещиктер орнына билікке кәсіпкерлер мен финансисттер келді.

Австриялық монархияны құлатып, Венгрияда буржуазия республикасы пайда болуына себепші болған буржуазияшыл-демократиялық революция 1918 жылы 31 октябрьде басталды. Оның қозғаушы күші соғыстан немесе тұтқыннан қайтып келген солдаттар болды. 1919 жылы март айында билік келісім негізінде Кеңестік үкімет қолына өтеді. Социализм құру бағытын алған Венгр социалистік федералды Кеңестік республикасы (конституциясы Россия федерациясының 1918 жылғы конституциясы жобасынан түзілген еді ) 133 күн тұрды.

Соғыстағы Германия, Австрия, Венгриялардың жеңілуі, Польшаны бөлу туралы әділетсіз халықаралық бітімдер күштерін жоғалту туралы Россиядағы Кеңестік үкіметінің шешімдері, Польша халқының тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруге құқығын мойындағанының белгісі еді. 1919 жылы Польша облыстары біртұтас мемлекетке бірікті. Сондай-ақ, Чехословакия және Югославия республикалары пайда болды.
2
Жоғарыда айтылған революциялар мен өзгерістер буржуазиялық үкіметтерді жаңа реформаларға мәжбүр етті.

1917 жылы 29 октябрьде Кеңестік Ұкімет еңбек құқығының актілерінің біріншісін 8 -сағаттық жұмыс күні туралы қаулы етіп шығарды. 1918 жылы еңбек туралы бірінші заңдар кодексі шығарылады.

Бұдан кейін 48 – сағаттық жұмыс аптасы Германияда, Австрияда, Францияда тағы басқа да 13 мемлекетте енгізілді.

Еңбек түрлері жағдайларына қарай ажыратыла бастайды: әйел, балалар еңбегі, түнгі іс, т.б.

Мүгедектік, ауру, кәрілік, кейбір мемлекеттерде жұмыссыздық зейнетақылары бойынша жақсарту жағына көп өзгерістер енгізілді.

Көп мелекеттер үшін коллективтік бітімдерді тән алу революциялық ситуацияны келісу жолмен шешудің жалғыз жолы еді. Тек 1919 жылдан бастап коллективтік бітімдер “ең жоғарғы табыс”, “таптар арасында келісім аспабы ”деп айтылатын болды.

Октябрь революциясы өндіріс үстінен “жұмысшылар бақылауын” декрет күшімен енгізіп, жұмысшыларға істеп шығару нормаларын бекіту, өнеркәсіптің жұмыс хаттарын тексеру құқығын берді.

Жұмысшылардың өнеркәсіптердегі бақылау органдары Россиядан басқа Германия, Австрия, Польша, Италияларда заңды болды.

Революция мақсаттарының бірі өндіріс құралдарын қоғамдастыру деп жариялап, Кеңестік үкімет өнеркәсіптің шешуші салаларын мемлекет мүлкіне айналдыруды бастап жіберді. Осының әсерімен ұлттандыру идеясы 1918 жылдан Англия, Франция, Германия, Австрия, Италияларда кең қолданып, кәзіргі заманда олардың экономикасында бұл сектор салмақты орынға ие.

Сайлау жүйесіндегі реформалар жалпы сайлау құқығы “демркратиялық” деп аталушы барлық мемлекеттерде енгізілуіне алып келді.


-3-
Германия , Австрия және Туркияларды капитулияцияға (тізе бігуге ) мәжбүрлеп, жеңуші мемлекеттер олардың басқа жердегі иеліктерін өзара бөліп алды.

Англия, Франция және Құрама Штаттардың колониальды империялары тағыда кеңейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет